Түркістанда жүзу білмейтін мұғалім суға батқан бірінші сынып оқушысын құтқарды

Бейсенбі, 5 Мамыр , 2016 17:35

“Бірлік” ауылының мұғалімі Нигор Ташметов суға батып бара жатқан бірінші сынып оқушысын құтқарып қалды. “Е.Изатуллаев” атындағы мектептің жоғарғы сыныптарына сабақ беретін Ташметов сабақтан қайтып келе жатып айқайлаған баланың дауысын естиді. Суға бір батып, бір шығып бара жатқан кішкентай қызды байқайды.

ыыыыыы

Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлады.

Қыз бала аяғынан сырғып суға ағып кеткен аяқ киімін алу үшін түсіп, қайта шыға алмай қалыпты. Алғашқыда жүзе алмайтын оқытушы сасқалақтап жақыннан көмек іздеген. Бірақ, жуық жерде ешкім бой көрсете қоймайды. Ақырында тәуекел деп суға қойып кетеді. Қыз баланы жағаға алып шыққан кезде оның бірінші сыныпта оқитынын Зиеда Паччахонова екенін байқаған. Есінен танып қалған қызды жедел жәрдем келемін дегенше, жасанды жолмен тыныс алдырып, ішін судан тазартқан.

Орта мектепте 29 сәуір күні салтанатты шара ұйымдастырылып, Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасы басшысы Т. Досалмев оқытушы Нигор Ташметовке алғысын білдірген. Ол сондай-ақ, мұғалімді марапаттауға ұсынып, ОҚО Төтенше жағдайлар басқармасына да бұл ойын жеткізген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар