Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда 20 жастағы жігіт өзін-өзі өртеп жіберген

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында  20 жастағы жігіт өзін-өзі өртеп жіберген.

00

 

Бұл ақпарат аудандық ауруханадан 7 желтоқсанда түнгі 23.00-де Түркістан қаласының Ішкі Істер Басқармасына түскен.

Полицейлердің анықтауынша, өртенген жігіт 1995 жылғы Түркістанның тұрғыны болып шықты. Студент қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алған. Ол өзін-өзі өртеу нәтижесінде денесінің 90 пайыз күйік шалды.

Бұл факт полицияның бірыңғай алдын ала сотқа дейінгі тергеу тізіміне  тіркеліп, 105 бап (Өзін-өзі қол жұмсауға итермелеу) бойынша қылмыстық iс  қозғалды.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, ол күні баланың әкесі үйде болған. Ит үріп қоймаған соң әкесі сыртқа шыққан. Сол кезде ұлының өртеніп жатқанын көріп, көмекке жүгірген. Өртті сөндірген соң азамат ұлын ауруханаға жеткізген.

 

Талқылау