Түркістанда үйдегі батареядан ұстаған 15 жастағы қыз тоқ соғып көз жұмды

Түркістанда жылу жүйесінің тоқ қысымы кезінде 15 жастағы қыз көз жұмды.

Оқиға 3 шілде күні болды. Қыз жеңгесімен бірге үй жинап жүрген. Пәтер көпқабатты үйдің 4-қабатында орналасқан, деп хабарлайды Отырар. 

«Қызым орындықты қойып, бір қолымен жылу құбырын ұстаған. Оң қолымен сулы шүберек ұстап тұрған. Ос кезде тоқ соғып, қызым «жеңге» деп айқайлап үлгеріпті», – дейді әкесі Бауыржан Нәлібаев.

Жеңгесі қыздың аяғын тоқтан ажыратпақ болады. Алайда тоқ жеңгесінің де денесіне жетіп, кері лақтырып жіберген.

«Келін ессіз күйде жатыпты. Айқай-шуды естіп көршілер жүгіріп келген. Олар жедел жәрдем шақырады. Алайда 40 минуттан соң келген дәрігерлер еш көмек көрсете алмады. Көршілер қыздың денесін топырақ сорып алады деп, жерді қазып жатқызған. Осы кезде мен Шымкенттен келдім», – дейді әкесі.

Алайда қыз есін жимастан мерт болды. Қаладағы №9 және 10 Отырар ықшамауданы тұрғындары мұндай жағдайдың ылғи болатынын айтты.

«Әйелім еден жуып жүріп, батареяны ұстағанда тоқ соқты. Ол содан кейін қатты қорқып қалды», – дейді тұрғын.

Тағы өзгелері де осындай жағдайды бастан кешкенін айтты.

Қала әкімдігі қайғылы оқиғадан соң қосымша делегация жіберіліп, тексеріс жүргізгенін айтты.

«Электрик мамандар тексерді. Ешқандай құқық бұзушылық жоқ. Осыдан соң құқық қорғау органдарына хат жаздық. Қазір тергеу жүріп жатыр», – дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Мадина Байлық.

Қаза болған қыздың ата-анасы биліктен жауапты адамдарды тауып, жазалануын талап етуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар