Түркістан облысында жолаушылар мінген автобусқа оқ атылды

Шымкент полициясы Алматы-Ташкент тас жолында жолаушылар мінген көлікке оқ атқан Түркістан облысының тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Түркістан облысында жолаушылар мінген автобусқа оқ атылды

Сурет: Көрнекі сурет

Полиция департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай 5 қарашада орын алған.

Автокөлікке мінген Түркістан облысының бірнеше тұрғыны өзімен бір бағытта келе жатқан жолаушылар автобусына травматикалық тапаншадан оқ атқан.

Күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта оларға қатысты ҚР ҚК 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар полицейлер күдіктілердің азаматтық қолданыстан бірнеше жыл бұрын алып тасталған травматикалық қаруды қайдан алғанын анықтайтын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар