Түркістан облысында жоғалып кетіп, табылған қыздың болашақ ата-енесі оны келін қылудан бас тартты

Түркістан облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен екі құрбы есен-аман табылған еді. Олардың бірі тұрмысқа шыққалы жүрген екен. Алайда бұл жайттан кейін күйеу жігіт тарапы той жасаудан айнып қалыпты.

Түркістан облысында жоғалып кетіп, табылған қыздың болашақ ата-енесі оны келін қылудан бас тартты

Бұл туралы Almaty арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жоғалып кеткен қыздардың бірі 15 желтоқсанда тұрмысқа шығып, тойы өтуі тиіс болған екен. Алайда бойжеткен үйінен қашып, жоғалып кеткеннен кейін күйеу жігіттің ата-анасы  оны келін қылғысы келмей, тойды өткізбейтінін айтқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында қос құрбы із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Артынша олар Жамбыл облысының Отар стансасындағы әскери бөлімде  жұмыс істеп жүргені анықталды. Олар отбасындағы ұрыс-керіске байланысты мұндай әрекетке барғанын айтыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар