Түркістан облысында кәсіпкер көпбалалы екі отбасына үй тұрғызып берді

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасына кірген, Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан шыққан кәсіпкер Сырым Ертаев өз қаражатына екі бірдей көпбалалы отбасына үй тұрғызып берді, деп жазады Stan.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында кәсіпкер көпбалалы екі отбасына үй тұрғызып берді

Бүгінде кәсіпкерлікпен айналысатын «Қайып Ата» ЖШС көптеген жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мекеме басшысы аз қамтылған отбасыларға және мүгедектерге материалдық көмек көрсетеді. Кезінде қарапайым фермер болған Сырым Ертаев өзінің үй кәсібін пайдалы бизнеске айналдыра отырып, көптеген тұрғындарға көмектесіп келеді.

Кәсіпкер тұратын Қазығұрт ауданында түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Мысалы, 11 миллионыншы бала туылған отбасына аудан әкімдігі жаңа пәтердің кілтін табыс еткен. Мұхтар Әбдірахым Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық округінің Үшбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол отбасындағы төртінші бала. Оның анасы мұғалім болып жұмыс істейді, ал әкесі ауыл шаруашылығымен айналысады.

Бұған қоса, Қазығұрт ауданында депутаттардың қолдауымен 30 шақты аз қамтылған отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Делдалдықты облыстық мәслихат депутаты Аширов және аудандық мәслихат депутаттары қамтамасыз еткен екен. Сонымен қатар, облыстық «Жалындаған жастар» ұйымы да облыс және аудандық кәсіпкерлердің қолдауымен аз қамтылған отбасыларға жиһаз сыйлап, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар