Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркіменстан президенті министрлерін жұмыстан қуып шықты

Түркіменбашы Құрбанқұлы Бердімұхамедов жұмыстарына көңілі толмаған үш министрді бірдей жұмыстан босатып жіберді.

KMO_085276_01159_1_t210_150942

Сурет kommersant.ru

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Жұма күні экономика және даму министрі Елдаш Шерипов, сауда және ішкі экономикалық байланыстар министрі Баяр Абаев және салық қызметінің бастығы Шатлық Хуммедовтар өз орындарын босатқан. Мемлекет басшысы шенділерді орынтақтарынан алу туралы бұйрыққа осы жылдың алғашқы кварталын қорытындылауға арналған үкіметтің кеңейтілген отырысында қол қойған.

Шерипов 2015 жылдың шілде айында министр креслосына отырған. Ал Абаев сауда және ішкі экономикалық байланыстар министрлігін 2010 жылдың ақпанынан бері басқарып келеді. Шатлық Хуммедов салық қызметінің басшылығына 2014 жылдың қаңтарында тағайындалған.

Жаңа экономика және даму министрі болып Батыр Базаров тағайындалды. Ал сауда және ішкі экономикалық байланыстар министрлігіне жаңа басшы болып Довран Оразмадыров, салық басқармасына Сапарберді Гүндоғдиев тағайындалды.

Еске сала кетсек, осыған дейін дұрыс болжам жасай алмағаны үшін мемлекет басшысы елдің бас синоптигі Батыр Халлеловты де жұмысынан босатқан. Ол 2010 жылдың қаңтар айынан бастап гидрометеорология ұлттық комитетін басқарып келе жатқан.

Талқылау