Түркіменстан президенті екінші мәрте мемлекет қаһарманы атанды

Түркіменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов Ашхабад түбіндегі Анау ауылында болған ақсақалдар кеңесінде “Түркіменстан қаһарманы” атағына ұсынылып, “Алтын Ай” ерекше медалімен марапатталды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Ол бұл марапатқа екінші рет лайықты болып отыр. Алғаш рет Бердімұхамедов 2011 жылы қазан айында Түркіменстан қаһарманы атанған еді. Мемлекет басшысын екінші рет марапаттау туралы шешімді Меджіліс ақсақалдар кеңесінің қолдауымен шығарды.

Парламент төрағасы Акджа Нұрбердиевтің айтуынша, тұрғындардан президентті марапаттау туралы ұсыныстар көптеп келіп түскен. Бұл ұсынысты парламент те бірауыздан қабыл алған.

Спикердің сөзінше, президентке бұл марапат оның Түркіменстанның тәуелсіздігі мен бейбітшілігін нығайтуға атсалысқаны үшін табысталған. Марапатты қабыл алған Бердімұхамедов халыққа қызмет ету өзі үшін үлкен мәртебе екенін мәлімдеген.

Түркіменстан қаһарманы атағы елдегі ең мәртебелі атақ болып саналады және ол мемлекет пен қоғамның дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға ғана беріледі.

Енді мемлекет заңына сай, Бердімұхамедовке екі дүркін Түркіменстан қаһарманы болғаны үшін мемлекеттің валюта қорынан бір реттік 100 мың доллар сыйақысы да берілмек. Сондай-ақ, мемлекет қазынасы есебінен жалақыға 100 пайыздық үстеме төленеді. Бұл табыс салығын есептемегенде. Сонымен қатар, екі мәрте бұл атақты иеленген адамға “Алтын Ай” медалі табыс етіліп, оның қола мүсіні тұрғызылады.

Тағы да оқыңыз:

Ұшақ үйдің үстіне құлап, үш адам қаза болды

АҚШ-та 12 жастағы қызды зорлаған педофил оны қамқорлыққа алу құқығына ие болды

Джеки Чанның қызы гомосексуал екенін мойындады

Күйеуі көзіне шөп салған әйелі мен көңілдесін төсекте ұстап алып аяусыз сабады (видео+18)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар