Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрік полицейі отбасын қырып салып, өзін өлтірді

Түркияның Вели Чакэн есімді полицейі балалары мен әйелін өлтіріп, соңынан өзін өзі атып тастады.

15-03-16-chekan

Сурет Milliyet

Бұл туралы news.am сайты хабарлайды.

Полицияда 25 жыл жұмыс істеген 53 жастағы Вели Чакэн әзірге белгісіз жағдайда осындай қылмысқа барған. Ол алдымен әйелін, сосын 19 жастағы қызы мен 23 жастағы ұлын өлтірген. Соңына өзіне қол салған.

Бұған дейін де Вели Чакэн есімді полицей бүкіл Түркияға танымал болған. Ол әлеуметтік желілерге қызықты видеожазбалар салып тұратындығымен әйгіленген екен.

Талқылау