Түрік басшысы Қырымның Ресейге қосылуын мойындамайтынын жариялады

Түркия президенті Ердоған Украинаның тұтастығын қолдайтынын және Қырымның “заңсыз аннексиялануын” мойындамайтынын жеткізді. Ол бұл туралы украиналық әріптесі Петр Порошенкомен бірге өткізген баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

“Мен Порошенкоға тағы бір мәрте айттым: Түркия әрқашан Украинаның тұтастығы, аймақтық біртұтастығын қолдайды, Қырымды қоса есептегенде. Және саяси тұрғыдан нығаюына да мүдделіміз”, – деді Ердоған.

Сонымен қатар, екі ел басшысы қара теңіз аумағы бойынша қауіпсіздік мәселелерін де талқылаған.

Еске салсақ, 2014 жылы наурыз айындағы референдумнан кейін Қырым түбегі Ресей құрамына қосылған еді. Кейін халықаралық қауымдастық пен әлемнің бірқатар елдері Ресей Федерациясының бұл әрекетін заңсыздық деп қабылдаған.

Бұған дейін Ердоған Порошенкомен бірге жасаған баспасөз мәслихаты кезінде ұйықтап қала жаздаған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Досым Сәтпаев: Атамбаев Қазақстанға тиісу арқылы өз елінде «қыран» болып көрінгісі келетін «ақсақ үйрек»

Мұхтар Алтынбаевтың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Сапарбаев президент екеуінің арасында болған әңгімені көпшілікке айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар