Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрік ақпарат құралдары төңкеріс жасаған генералдардың суретін жариялады

Түрік ақпарат құралдары мемлекеттің әскери саласында биік қызметтерде отырған тұлғалардың суреттерін жариялады. Олардың барлығы елдегі әскери төңкерісті ұйымдастырды деп айыпталып отыр.

2f063e0e4f28659fd4fc12a313e406c5

Фото: odatv.com

Бұл туралы “Комсомольская правда” хабарлайды.

Суреттерден көргендей олардың көбі жарақат алған. Бірқатары тұтқындау операциясы кезінде жараланған секілді. Көп адам түскен суреттегі ортада ақ-жасыл жейдедегі төңкеріс ұйымдастырушы негізгі адам деп сипатталған – Ақын Өзтүрік.

Бұған дейін Анкарада генерал Хакан Эврим, үшінші армия корпусының қолбасшысы Эрдал Өзтүрік, екінші армия қолбасшысы Адем Худути, Денизли гарнизонының қолбасшысы және арнайы қызметтің 11-ші полкындағы генерал Кәмил Озхан Өзбақыр, сондай-ақ, 14 генерал мен адмиралдардың ұсталғаны хабарланған еді.

f34d59ed91d45b95111e300e90cb8e7d

Ұсталғандардың арасында ресейлік СУ-24 ұшағын атып түсірген екі ұшқыш та бар екен.

Түрік билігі жалпы саны 6 мыңнан астам адамды тұтқындап, оларды мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп кінәлауда. Ал генерал Ақын Өзтүрік болса өз кінәсін мойындаудан бас тартқан. “Мен 15 шілде күнгі әскери төңкерісті жоспарлап, ұйымдастырған адам емеспін. Оны кім ұйымдастырып, кім бастағанын білмеймін”, – деді ол.

abc13d67309b9bd6d0d58af7b6c42cd0

Генерал сол күні төңкерісшілер штабы орналасқан Акынджи әуе базасына кездейсоқ тап болғанын айтты. Ал мемлекеттік төңкеріс туралы теледидардан естіпті. Өзтүріктің айтуынша, мұндай төңкерісті басқа мемлекет ұйымдастыруы мүмкін екен. Ал ол АҚШ-та тұратын “Фетхуллах Гюлен жасады” деген нұсқамен онша келіспейтінін жариялады.

092df2c31517e00ca2938dac462ca60a

15 шілде күні, кешке Түркияда әскери төңкеріс әрекеті орын алған. Әскерилер ел билігін қолына алуға тырысқанымен, билік дер кезінде жағдайды реттеп үлгерді. Нәтижесінде 290 адам көз жұмды.

Талқылау