Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түменде ең сұлу қазақ қызы таңдалды

Сургутта тұратын еркін күрестен спорт шеберіне үміткер Қымбат Тәкенова Түменде өткен қазақ сұлуларының облыстық байқауында «Мисс сұлу қыз-2015» атағына ие болды.

20151220001844

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Биылғы жылы сұлулық байқауы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, оған сегіз бойжеткен қатысты. Олардың арасында Қазақстан азаматшасы – Түмен мемлекеттік университетінің жаңа тарих және әлемдік саясат факультетінің магистратура студенті, алматылық Мереке Жақыпбек болды. Ол бұл байқауда вице-мисс атанды.

20151220001847

«Сұлу қыз» байқауы Түменде 2010 жылдан бері өткізіліп жатыр. Шараның басында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Түмендегі Құрметті консулы Сейілхан Мақаш 2015 жылдың Қазақстан және әлемдегі барлық қазақтар үшін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының басталуына жол ашқан және Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілген жыл ретінде маңызын атап өтті.

 

20151220001851

Байқаудың қатысушылары Қазақ хандығының негізі қалануы тақырыбына көріністер дайындады. Бойжеткендер Жәнібек пен Керей хандар, Қасым хан мен Тәуке хан, Абылай хан мен Есім хандар туралы баяндады. Олар дайындаған театрландырылған көріністерге достары қатысты. Экранда Қазақ хандығы тақырыбындағы сюжеттер көрсетілді. Аталымдар арасындағы үзілістерде көрермендердің алдында Түмендегі «Мерей» қазақ ансамблі мен би топтары өнер көрсетті.

20151220001855

Байқаудың бас жүлдесі автомобиль болды. Сұлу қыз атағына ие болған Қымбат Тәкенова Түмен мұнай-газ университетінде білім алуда.

20151220001907

 

Талқылау