Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсіпбаева: Дизайнерлер біреудің тапсырысымен мені «талғамсыз әнші» деп атаған

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзін «талғамсыз әнші» деп айтқан сәнгерлерден есесін қалай қайтаратынын айтып берді. Әнші ол үшін отандық өзге дизайнерлермен бірігіп, тоқымадан киім топтамасын шығаруды көздеп отыр. Тоқуды бала күнінен меңгерген ол сатылымға шығатын әрбір затты өз қолымен жасамақ. Оның дәлелі ретінде әнші киім тоқу процесінен видео салып тұруға уәде етті.

тусупбаева_6

Бұл туралы ikerim басылымы хабарлады.

Назарларыңызға журналист Асхат Садырбай мен әнші Меруерт Түсіпбаеваның арасында болған сұхбаттан үзінді ұсынамыз.

Асхат: Отандық дизайнерлермен неге ренжісіп жүрсіз?

Меруерт: Мен анықтап сұрастырдым, бұл тапсырыс болған екен. Үш дизайнерге де «Меруерт Түсіпбаева талғамсыз киінеді!» деп айтқызған. Осы сіздердің сайттарыңыз арқылы айтайын, оқысын!

Егер мен ең талғамы төмен әртіс болсам, онда біздің эстрададағы әншілердің сахналық сәні (киімі) «өте жоғарғы деңгейде» екен. Өйткені сахнада семіріп кеткен, салпы етек біздің қыздарымыз, әпкелеріміз, сіңілілеріміз көп. Мен өзімді олардың қасында талғамсызбын деп санамаймын. Оның үстіне мен бүгінгі таңда қалаған киімімді сатып ала алатын жағдайдамын.

Асхат: Сіз тіпті олардың жұмысы сапасыз деп те сөктіңіз. Оны неге сүйеніп айттыңыз?

Меруерт: Дубайда жүргенімде бір көйлегіме алқа керек болды. Ол алқаны ала сала мен Самараға ұшуым керек. Көйлегім қазақи стильде Қазақстанда тігілгендіктен оған сондай оюлары бар көкшіл алқа қажет еді. Көмекшіме «Тез арада мына көйлекке алқа тауып салып жіберші, Кауменоваға бара сал» дедім. Ол Аида Кауменованың бутигіне барған да 98 мыңға бір алқаны алған. Оны маған жедел жеткізді де біз бірден Самараға ұшып кеттік. Сонда барып әлгі алқаны көрейін деп ашып қалсам, Құдай сақтасын, Қытайдың 5 мың теңгелік сырғаларынан тіккен. Оның тігуі бар… Аиданың аты бар… жарайды, соның бәрі 50 мың теңге болсын, ал 98 мың деген екі мың теңгесі кем 100 мың теңге ғой. «Жарайды, құрысыншы ,таға берейінші» деп тақырыпты жаба салғам. Сосын Аида мені талғамсыз дегенде әлгі суретті фейсбукке шығардым. Әркім өзінің жанын қорғайды ғой. «Міне, бүгінде бізге не кию керек, қалай киіну керек, сән мен сымбатты үйретіп жүрген дизайнерлеріміздің дүниесі осындай болса, бізде қайдан талғам болсын»-деп жаздым. Әйтпесе ол алқаны алғаныма бір жарым жыл болған, жаңағы сапасыз сырғалары қайда түсіп қалғанын да білмеймін. Сонда да ешкімге айтпай, ешқайда жарияламай тып-тыныш жүргенмін. Мен ешкімге өздігімнен тиіспеймін, бірақ тиіссе оңдырмаймын. Сол постты жариялағаннан кейін өте көп адам маған хат жазды. Бәрі де сол Аидадан пәлен бағаға алған көйлектерінің сапасы сын көтермегенін жарыса жазды.

Асхат: Бұны естіген Аида Кауменова сізге хабарласпады ма?

Меруерт: Майра Ілиясова хабарласып «Фейсбуктегі» сурет пен жазбаны алып тастап, айтыспай өзара келісімге келуге себепкер болды. Нәтижесінде әдемі шешімге келдік. Аида ақшамды қайтарып берді (күлді). Алқаны алып қалды. Енді ертең Португалияға ұшпақпын, сол жаққа барып 98 мыңға басқа жақсы бренд алқа сатып аламын.

Асхат: Ал, Жадоға қатысты не айтасыз?

Меруерт: Енді ол кісі әуесқой дизайнер, әуесқой продюсер, әуесқой биші ғой. Бүгінгі күні әуесқой деген сөз мен үшін нағыз бағасыз… Мен оған әпке ретінде бір ғана ақыл айтар едім: «Біреуді сынамас бұрын адам өзінің деңгейін саралап, бағалап көру керек!». Мен де дизайнер бола аламын. Кішкентайымнан іс тігу мен тоқыма тоқуға қатты әуес болдым. Сенесіз бе, киім жоқ кездерде мен барлық туған-туыстарыма, өзіме керектің бәрін тоқып алатынмын. Мен өте жылдам әрі тыңғылықты тоқимын. Ендігі ойым бір дизайнермен, Ерлан Жолдасбекпен бе қосылып тоқымадан коллекция жасасам ба деп отырмын. Мені сынаған дизайнерлерге осылай жауап бермекпін. Біреуді жалдап тоқыта салуға де болар еді, бірақ мен қанша керек соның бәрін өзім тоқиын деп шештім. Қашан бастадым, қашан аяқтадым бәрін инстаграмға салып, онлайн көрсетіп отырамын.

Асхат: Сізді сынға алған дизайнерлер өздері сіз сияқты іс тігіп, тоқыма тоқи ала ма екен?

Меруерт: Күмәнім бар…

Асхат: Сізге тегін алу мүмкіндігі туса, отандық дизайнерлердің қайсысының көйлегін киер едіңіз?

Меруерт: Ерлан Жолдасбектің жұмыстары қатты ұнайды, іздеп жүріп көремін. Аида Кауменованың коллекциясы да жаман емес, бірақ бәрі бір сарынды. Ларияның, Салтаның, Берік Исмайыловтың  киімдерін тегін берсе киер едім. Менде бұл дизайнерлердің бәрінің киімдері бар.

Асхат: Ал, Жадо ханым сізді сынамағанда, оның киімдерін киер ме едіңіз?

Меруерт: Менде оның киімі жоқ. Қайбір жылы шетелге концертпен қазақша көйлек киіп бару керек болды. Жадоның салонына жүгіріп бардым. Ана қоймасын бір көрсетті, мына қоймасын бір көрсетті. Мен бұл жайлы айтқан емеспін, оны көмекшілері біледі, сенесіз бе сенбейсіз бе, сол сан түрлі киімдердің ішінен прокатқа өзіме бір көйлек те таппадым…

Асхат: Мүмкін сізді сынға алған дизайнерлерден киінсеңіз сізді мақтайтын ба еді?

Меруерт: Мүмкін. Аида, кел саған көйлек тігіп береміз деп шақырды. Көре жатармыз, бұйырса киерміз, бұйырмаса өзімізде де, шетелде де киім көп.

Асхат: «Жібек 2» телехикаясы жайлы сіз фейсбук парақшаңызда: «Бүгiн «Жiбек-2» сериалында жұмысымды аяқтаймын. (Кстати, я самая высокооплачивамая актриса в сериале) Қазаншының өз еркi бар ғо… Ақша бiттi ме? Кiм бiлсiн? Әйтеуip, Жансаяны алысқа жіберіп жатыр (сценаристте өз қолында ғо) баласы да түсiнде көрмейдi, көрермен түгiлі. Не айтамыз? Қазір артист продюсер деген Құдайдың құлы ғой. Бipақ, аз түссем де, эмоциональная нагрузка «Жiбек-2» көп болды. Шаршап, ауырып, тiптi қартайып кеттiм. Бағасын беретiн сiздер!» — деп жаздыңыз. Шынымен де солай болды ма?

Меруерт: Иә, бұл жолғы түсірілімдер қиын болды. Шетелде қалай екенін білмеймін, бірақ, бізде гонорар он екі сағат жұмысқа төленіп отырды. Он екі сағат бір түсірілім күні боп есептелді. Сол сериалға түскен 5 күнде 5 жылға қартайып, шаршап кеттім. Продюсерлер маған азырақ ақша төлеу үшін бүкіл ауыр эпизодтарды сол он екі сағаттың ішіне тыққан екен, «сыңбыруге» уақыт болмады. 5 күн қатарынан демалыссыз жұмыс істеп ауырып та қалдым. Бірақ біздің елде продюсер – Құдай. Актердің жағдайы не боп жатыр, ол ауырып қалмады ма деген сияқтылар еш ескерілмейді. Продюсер не десе сол болады. Біздің елде отандық сериалдарды түсіру қолға алынды ғой. Қаншама қаражат бөлініп жатыр. Бірақ оның қайда кетіп жатқанын бір Құдай біледі, бір продюсер біледі. Ол актерлерге жұлмаланып жеткенше тиын боп қалады. Ол тиынға келіспейін десең сенің орныңа одан да төмен бағаға театрдан танымал болуды армандап жүрген кез келген актерді шақырып алып түсіре береді. Біздің сериалдарымыздың сапасының төмендігі де содан болар. Бізде не көп актриса көп, өнер академиясын оқымаған да актриса, оқыған да актриса, өзін-өзі актриса деп атап алғандар, тума-туыс, құда-жекжаттардың арқасында актриса болып жүргендер де көп. Бізде амал жоқ, атақтымын деп көп ақша сұрасаң анау, сұрамасаң мынау! Сериалдың продюсерінің айтуынша, мен осы сериалда гонорары ең жоғары актриса екенмін. Сценарий өздерінің қолында тұр ғой. (күліп алды) Сондықтан менің кейіпкерім өте алысқа кетеді. Тіпті баласының да түсіне кірмейтін алысқа. Түске кіру үшін де мен ойнауым керек, оған да ақша төлену керек дегендей. Түс көру де қымбат боп отыр ғой…

Асхат: (Күліп) Меруерт ханым, сұқбаттасқаныңыз үшін рақмет! Сәттілік тілеймін!

Жіберіп алмаңыз:

Төртеу және одан көп: Көп балалы қазақстандық танымал отбасылар

“Ninety one” тобы халық әнін орындап айды аспанға бір-ақ шығарды (видео)

Жанболаттың Жазирасы бойдақ тыңдармандарын табыстырудың жолын тапты

Бүркіт пен Айша үш қабатты үй сатып алды

Талқылау