Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркменстан: 30 жасқа толмаған ер адамдарға шетелге шығуға рұқсат берілмейді

Енді отыз жасқа толмаған ер адамдарға шетелге баруға рұқсат берілмейді. Бұл туралы «Азатлық» ақпарат көзі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Түркменстан: 30 жасқа толмаған ер адамдарға шетелге шығуға рұқсат берілмейді

Шенеуніктер бұл шараны азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдап отыр екен.

«Менің шетелге баруға дайындалып жатқан 27 жастағы танысымды көші-қон қызметінің өңірлік бөлімшесіне шақырды. Олар оның билетін тартып алып, Ашхабадқа бармайтынын айтты. Көші-қон қызметіндегілер оған 30 жасқа толмаған еркектерге елден шығуға тыйым салу туралы жаңа бұйрық шыққанын хабарлаған» , – деді Дашогуздағы «Азатлык» көзі.

Оның айтуынша, бірнеше жас жігітке билетке кеткен шығындарын қайтарып берген. Дегенмен, дереккөзде өтемақы төлеу шарттары мен шетелге шығуға алған билеттің сомасы көрсетілмеген.

Өткен айда ел азаматтарының шетелге, ең алдымен Түркияға кетуіне кедергі болған жағдайлар орын алды. Сондай-ақ, азаматтарды Түркменстанға қайтару бойынша билік өкілдері қабылдаған бірқатар шаралар, соның ішінде шетелдік мигранттардың және шетелдік оқу орындарында оқитын студенттердің саны туралы баяндалды.

Бұдан бұрын, қауіпсіздік органдарына шетелде білім алып жүрген түрікмен азаматтарының туыстарын шақыртып, олардың шетелдегі жақындарына Түркіменстанға оралсын деп, қысым көрсеткен екен. Кейбір мәліметтерге сәйкес, әскери қызметті аяқтап, шетелге оқуға түсуге ниет білдірген ел азаматтарынан «жұмыс істеу үшін емес, білім алуға» баратыны туралы түбіртек талап еткен.

3 сәуірде он шақты Түркменстан азаматы еш себепсіз Стамбул рейсіне жіберілмеген. Сонымен қатар, Ашхабад халықаралық әуежайында кедендік бақылаудан өте алмаған ондаған адам наразылық білдірген.

Дегенмен, кейбір мемлекеттік мекемелер жұмысшылардан ақша табу үшін шетелге кетпейтіні туралы түбіртектерді қабылдауға кірісті. Сонымен қатар, туркмен билігі азаматтардың биометриялық төлқұжатын бір жылға дейін қысқарту мүмкіндігін қарастыруда.

Түркменстанның көші-қон қызметінің хабарлауынша, биліктегілер бұл шараларды  шетелдегі түркмен мигранттарының санын азайту мақсатында қолданылған.

Сонымен бірге, азаматтардың жүріп-тұру бостандығына Түркменстан Конституциясы кепілдік береді. Бірақ, Түркменстанның көші-қон қызметі азаматтардың елден кетуіне жол бермейтін шаралар туралы түсініктеме беруден бас тартты. Ал мемлекеттік БАҚ бұл тақырыпты қамтымайды.

Оқи отырыңыз:

Мектепте 17 жыл жұмыс істеген мұғалім оқып, жаза алмайтынын мойындады

Ресей билігі жақын арада АҚШ санкцияларына қарсы шара қолданып, жауап қайтармақшы

Анасы қызын аппараттан суырып тастауды сұрады: Бірақ дәрігерлер оны құтқарып қалды

Блогер сұхбат кезінде «Человек паук» фильмінде басты рөлді сомдаған актердің аяқ киімін жалауға тырысты

Талқылау