Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрікменстан Қазақстанмен шекараны уақытша жапты

Түрікменстан республикаға оңтайланған режимде кіретін шетел азаматтары үшін 29 мамырға дейін шекараны жапты. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Безымянный

Сурет ҰҚК Шекара қызметі

“Көрші республика басшысының шекарамен шектес аудандарына баруына байланысты Түрәкменстан шекарасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 29 мамырына дейін республикаға оңтайланған режимде кіретін шетел азаматтары үшін кіруге тыйым салынады”, — делінген хабарламада.

Бұрын жасалған келіссөздерге сәйкес, Маңғыстау облысында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Түрікменстанның Балкан велаятына бес тәулікке дейінгі мерзімге визасыз кіріп шыға алады.

Талқылау