Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияға турист болып барған орыс әйелі мұсылман болып қайтты

Түркияның Батман қаласына турист боп барған 53 жастағы Ресей азаматшасы Мирос Алла Ислам дінін қабылдады.

xHMj3dlUFOIQL83b-lg

Оны Ислам дінімен сол жердегі Авжыоғлы отбасы таныстырған. Осылайша, Алла Тағала оның көңілін Ислам дініне кең ашып, сол жерде мұсылмандықты қабылдауға ниет етеді, – деп хабарлайды islam.kz хабарлайды.

Ол бұл шешімін Батманның аймақтық мүфтиятына білдіреді. Мүфтият Мирос Алланың Ислам дінін қабылдауын салтанатты түрде атап өтеді. Арнайы мұсылмандықты қабылдағаны жөнінде куәлік табыстап, есімін куәгерлердің алдында “Айша” деп өзгертеді.

Сондай-ақ, аймақтың уәкіл имамы орыс тіліндегі Құран Кәрімнің тәпсірін және Дін істері басқармасының орыс тіліне аударған кітаптарын сыйға тартады.

Мұсылман болу бақытын сезінген Айша «Алла баршаға мұсылмандықты нәсіп етсін» деп дұға етті.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде анасы Ислам дінін қабылдағаны үшін ұлынан үйден кетуін сұраған

Әлем аруы атанған супермодель ислам дінін қабылдады (фото)

Неміс радикалы ислам дінін қабылдады

Актриса Линдси Лохан Ислам дінін қабылдауға ниет танытты

Жерар Депардье ислам дінін қабылдады

Талқылау