Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядан мемлекет бөлген тегін ұшақпен елге қайтудан бас тартқандардың әрекеті түсінбестік туғызды

Түркияда жантүршігерлік жол апатына түсіп ауруханада қалып қойған 4 азаматымыздың отанға оралуы басқаша қарқын алып, үлкен дауға ұласып жатыр,-деп жазды КТК арнасы.

Бір-бірін қимаған науқастар Астанадан Анталияға ұшқалы тұрған санитарлық авиацияның жәрдемінен бас тартқан.

Себебі Денсаулық сақтау министрлігі ұшақта 3 сырқатқа ғана орын барын айтыпты. Бұған көнбеген зардап шегушілер төртеуміз бірдей сыймасақ, көмегіңнің құны көк тиын деп ұшақты қажетсінбеген.

Алғашқыда өздері жыларман болып жәрдем сұраған отандастарымыздың мұндай қадамға не үшін барғанын шенеуніктер түсінбей отыр. Ал, санавиацияның бір ұшуына бюджеттен 20 миллион жұмсалады екен.

Айнып қалғандары шынымен де, қызық болды.Өйткені соңғы бірнеше күн бойы, Денсаулық сақтау мен Сыртқы Істер министрліктері жанталасып,оларды тезірек елге жеткізу үшін барын салған еді. Бірақ атқамінерлердің еңбегі еш кетті. Сөйтсе, Анталиядағы төрт науқастың барлығы бірдей осы медициналық ұшақпен бірге қайтқысы келіпті.

Бірақ, талап бойынша санитарлық бортқа тек төсек тартып, өздігінен қозғала алмайтын 3 науқас қана жатқызылуы тиіс екен. Ал, зардап шегушінің бірінің келіншегінің жарақаты жеңіл болғандықтан, ұшаққа билет сатып алып, Қазақстанға өзі оралуы керек болған.

Бірақ, жанүршігерлік апатты бірге бастан кешірген достар бір-бірінен айырылғысы келмей үкіметтің жәрдемінен бас тартқан. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты  Санитарлық авиация орталығы отандастарымыздың бұл тосын әрекетін  түсінбей дал.

«Тура рейстің алдында  науқастардан өтініш түскен Денсаулық сақтау министрлігіне. Оның қорытындысына сәйкес олар медициналық борттан бас тартамыз деген.

Көмектен бас тартқандарға  Анталиядағы консул көмектесіпті. Яғни, өз қалтасынан 4 жерлесімізге ұшаққа бизнес класс билетін алып берген. Әрі олар Алматыға жеткенше дәрігерлердің бақылауында болады»,-дейді Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаев.

«Turkish Airlines әуе компаниясының көмегімен, осы рейспен Анталиядан Стамбул арқылы Алматыға келеді. Шамамен Алматыға таңғы 5-те келуі керек»,-дейді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Санитарлық авиация бүгін түсте ұшуы керек болған. Тіпті, ол үшін бюджеттен 21 миллион теңге бөлініп, медициналық құрылғылармен жабдықталған ұшақ бір топ дәрігермен көкке көтерілуіге дайын тұрған еді. Бірақ ақ халаттылар кері қайтуға мәжбүр болды.

Енді  Түркияда жол апатына түсіп ауыр жараланғандар Алматыдан аурухананы өздері таңдауы тиіс. Ал Денсаулық сақтау министрлігі қыз-жігіттерді Астанадағы ең мақтаулы орталықта тегін емдеуге де, келіскен.

Енді өз ақшаларына денсаулықтарын түзеуі тиіс. Айта кетсек, апатқа түскен 7 адамның 3-еуі Алматыға өз бетімен оралған болатын.

Оқи отырыңыз:

Астанада әкімдіктен өлі ит сұраған ғалымдардың басы дауға қалды

Үкімет Астанаға газ тартатын қаржы таппай отыр

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды

 

Талқылау