Түркияда жасөспірім 3 полицейді атып өлтірді
Түркияда жасөспірім 3 полицейді атып өлтіріп, тағы 3 тәртіп сақшысын жаралаған. Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа қаласында болды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, полицейлер құжатын тексеру үшін тоқтатқан кезде 17 жастағы жігіт оқыста оқ жаудырған. Өзі де сақшылардың қолынан қаза тапты. Жергілікті билік бұл оқиғаның лаңкестік әрекетпен байланысы жоқ деп мәлімдеген. Алдын ала ақпар бойынша, жасөспірім психологиялық дертке шалдыққан көрінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Алматы облысына әскерге барған маңғыстаулық жігітті қатарластары ұрып өлтірді
Алматылық 6 жасар қызды зорлап, азаптап өлтірді деген күдікпен ұсталды
Талқылау