Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда туристер мінген яхта күйреп, үш адам қаза тапты

Түркияның Мәрмәрис қаласындағы демалыс аймағында туристерді тиеп алған яхта суға батып кетті.

105884

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқыс оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан. Кеме Бозбурун ауданындағы ашық теңізде апатқа ұшырапты.

Құтқарушылар кеме бортында болған 11 адамның сегізін құтқарып қала алыпты. Жағалау күзет қызметінің хабарлауынша, кеме ішінде болғандардың барлығы дерлік Түркия азаматтары екен.

Қазір мамандар апат себебін анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Ресейде тікелей эфирде журналисті ұрып кетті (видео)

Татарстанда араққа тойып алған әйел екі жасар ұлын терезеден лақтырып жіберді

Түркіменстан президенті министрлерге дене жаттығуларын қалай жасау керектігін көрсетті (видео)

Үш жасар қызды зорлаған қылмыскерді елдің көзінше атып тастады (фото)

Талқылау