Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда ішінде жолаушылары бар ұшақ жардан құлап, теңізге батып кете жаздады (фото)

Түркияның солтүстігіндегі Трабзон қаласында ішінде жолаушылары бар ұшақ жардан құлап кетті, деп хабарлайды НТВ арнасына сілтеп Stan.kz.

ТЖ өткен түні Pegasus әуе компаниясының ұшағы Boeing 737–800 әуежайға қонбақ болғанда орын алған. Әуе кемесі ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жардан құлап, Қара Теңіз үстінде тұрып қалған. Бұл уақытта ұшақ бортында 162 адам болыпты.

Оқиға салдарынан әуежай жабылды. Anadolu агенттігінің мәліметінше, ешкім зардап шекпеген. Жолаушылардың бәрі қауіпсіз жерге көшірілген.

Хабарланғандай, құтқарушылар өрт шығуына сеп болуы мүмкін ошақтарды сөндіруге бағытталған амалдар жасаған. Ұшақтың жардан құлап кетуінің себебі анықталып жатыр. Бүгін Трабзон әуежайы қайта ашылды. Алғашқы рейс Ыстамбұл қаласына ұшып шықты.

Оқи отырыңыз:

Алматы әуежайы Ерлан Көкеевтің шағымына жауап берді

Таиландта піл Ернар Айдарды таптап кете жаздады (видео)

Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Дженнифер Лопес Gucci-ден 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Талқылау