Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда балаларға зорлық көрсеткен азғын 108 жылға сотталды

Түркияда кәмелетке толмаған балаларға зорлық жасаған 29 жастағы азамат 108 жылға бас бостандығынан айырылды.

балалар

«Низил» босқындар лагерінде тазалаушы болып жұмыс істеген түрік азаматы азын-аулақ ақша ұсынып, 8-12 жас аралығындағы балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен. Ол өзінің пасық ойын 3 ай бойы іске асырып келген. Алайда ашынған босқындар прокуратураға арыз беріп, азғынды абақтыға жабуды талап еткен болатын, деп жазады 24.kz.
Ол өткен жылдың қыркүйегінде қолға түсті. Айта кету керек, Сириядағы тұрақсыздық басталғалы бері Түркия бұл елден 2 млн 700 мың босқынды қабылдаған.

Талқылау