Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия мен Украинадан келетін тауарлардың бағасы шарықтай түспек

Ресей Анадолы елімен сауда-саттық байланысын үзуі себепті, елімізде Түркия тауарлары қымбаттауы мүмкін. Сондай-ақ, Ресей Украина тауарларына да эмбарго жариялады. Бұл дегеніңіз Ресей арқылы келетін украин тәттісі, түрік тоқымасы, киім-кешек тауарларының да бағасы өсе түседі дегенді айқын аңғартады.

1448703690_1

Бұл туралы 31 арна жаңалықтары хабарлайды.

Ресей мен Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың нашарлауы еліміздегі қымбатшылыққа одан сайын әсер етуі мүмкін. Себебі, тауарлардың ендігі жерде Ресей арқылы тасымалданбайтыны себепті, кеден бекеттерінде Қазақстанға бет алған 80-ге жуық жүк көліктері қаңтарылып қалған еді. Солардың қателігін қайталамас үшін кәсіпкерлер тауарларын Ресейден сырт айналып тасуға мәжбүр. Ал айналмалы жолдың логистикалық шығындары тауар бағасына қосылып, оны қол жетімсіз ете түседі екен.

“Мына тауарлардың барлығын Түркиядан алып келеміз. Қазір алып келуден біраз қиындықтан туындап жатыр. Бұның бағасының барлығы долларға байланысты, ол шарықтап өскен сайын тағы да өз бағасын ақтай алмай жатыр. Арендамыз да доллармен есептеледі. Қазір ойланып тұрмыз, сауда орынымыз жұмыс істей ала ма, алмай ма деп», – дейді саудагер Шұғыла Тұрысбекова.

Тура осы жағдаймен Украинадан тауар таситын кәсіпкерлер де бетпе-бет келіп тұр. Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-саттық құны – 1 миллиард доллар. Былтырғы жылдың өзінде бұл көрсеткіш 34 пайызға кеміген болатын. Ал биылғы жағдай одан да нашарлай түсуі әбден мүмкін.

«Олар енді Белоруссия арқылы немесе Грузия, Әзірбайжан арқылы портпен Ақтау арқылы әкелуі мүмкін. Ол ойластырылып жатыр. Бірақ, логистикалық шығын бағасы қосымша қосылып, бағасы өсейін деп тұр. Украинаның конфеті Рошеннің конфеті еттің бағасынан да асып түсіп, бір келісі 3 мың теңгеден сатылуы мүмкін», – дейді Украиналық конфеттер дистрибьюторлық компания жетекшісі Қайрат Молдабаев.

Кеше Қазақстан, Украина, Грузия және Әзербайжан теміржол қызметтерінің басшылары Транскаспий халықаралық транспорт бағыты бойынша жүк тасымалында жеңілдетілген тарифтерді енгізу туралы келісімге қол қойды. Бұл бастама 4 ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту үшін жасалып отыр.

Талқылау