Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанға жерасты мешіттері мен арқанды метролар салу ұсынылды

«Түркістан – түрік әлемінің мәдени-рухани орталығы» деген атаумен Түркістан облысында байқау өтіп жатыр. Мақсаты қаланы дамытудағы бас концепциялық жоспарын құру.

Түркістанға жерасты мешіттері мен арқанды метролар салу ұсынылды

Қатысушылар облыст орталығында жерасты мешіттерін салуды ұсынды, деп жазады BNews.kz.

«Жерасты кеңістігі мешіт пен сауда орталықтарын, қонақүйлер салу үшін ұсынылды. Қаладағы ғимараттар туристік, әлеуметтік-мәдени сапалылығын көрсетеді. Сондықтан тарихи құндылыққа жатпайтын, қаланың эстетикалық сәнін бұзатын ғимараттар мен үйлерді сүру қажет», – дейді облыстық бас сәулетшісі Еркін Жүсіпов.

Құрастырушылар тұрғындарға электрокармен, пилотсыз автобус пен таксилермен, арқанды метролармен жүруді ұсынды.

Жүсіповтың айтуынша, концепция инженерлік инфрақұрылымды дамытуды көздейді: электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және канализация. Осы және басқа жобалар 18 қыркүйекке дейін этно-музей ғимаратында қоғамдық талқылауға жіберіледі.

19 маусымда елбасының тапсырмасымен Шымкент республикалық маңызы бар қала, ал Түркістан облыс орталығы болды. Шілде айының ортасында Түркістанның бас концепциялық жоспарын құруға халықаралық байқау жарияланды. Қаланың бас жоспары екі кезеңге бөліп қарастырылады. Бірінші кезең – 2035 жылға дейін, екінші кезең 2050 жылға дейін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау