Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандық сақалды әжей өзін радикалдық топтың лидері етіп көрсеткен шетелдік басылымды қалай жазалайтынын айтты

Түркістан облысындағы Тұрбат аулында тұратын сақалды әжей Мұхтабар Тораева өзін «Ислам мемлекетінің» радикалдық тобының лидері етіп көрсеткен ирандық басылымды қалай жазалайтынын айтты. Кейуананың сөзінше, ол бұл жайт туралы ұлы мен келінінен білген.

Мұхтабар Тораева

Бұл туралы “Замана” газетіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін ирандық БАҚ кейуананы лаңкес деп атап, суретін жариялаған еді. Яғни, «Ислам мемлекетінің» лаңкестік топтарының лидерлерінің бірі Әбі Әли әл- Машхаданидің өлімі туралы жазған ирандық кей басылымдар оның суреті ретінде Мұхтабар әжейдің фотосын қолданған. Артынша бұл жайттан хабардар болған кейуана шетелдік басылымдарды сотқа беруді ойлап отырғанын айтқан.

Десе де бүгінде Мұхтабар Тораеваөз ойынан айнып қалған тәрізді. Айтуынша, ол өзін радикалдық топ лидері етіп көрсеткен басылымды сотқа бермек емес.

«Е, айналайындар, сендердің арқаларыңда кезінде танымал болып едік. Енді,  орыстар айтпақшы, «Проклятая популярность» деп отырған жайым бар.  Айдаладағы Иранның сайттарында суретім шыққанын мектепте істейтін ұлым мен келі­німнен естідім. Алғашқыда абдырап қалғаным рас. Бұл қалай болды деп уа­йымдадым. Бірақ кейін сабама түстім. Пенде болғасын бір қателік кеткен шығар. Оған бола жау шаптырып нем бар? Менің кім екенімді, қандай адам екенімді бәрі біледі. Құдай алдында арымның таза, жүрегімнің ақ екені өзіме аян. Сондықтан өзгелердің: «Сотқа берсеңіз болады, моральдық шығын талап етіңіз», – дегендерін құлаққа ілмедім. Оларды Құдайдың сотына салдым», – дейді Мұх­табар апа.

Ал таяуда кейуананың шаңырағында үлкен қуаныш болған екен. Оның екі жыл бұрын үйленген ұлы сәбилі болып, 70 жастағы әжей шөбере сүйді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау