Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда отбасын асқан қатігездікпен өлтірген күдікті көз жұмды

Түркістанда болған жантүршігерлік қылмыс бойынша бас күдікті ретінде қарастырылған азамат ауруханада көз жұмды.

кайтыс болды

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

30 жастағы Мұхамеджан Исраилов бір түнде келіншегімен қоса туған екі інісін және қызын өлтіріп, анасы мен ұлын ауыр жаралаған болатын. Содан соң өзіне де қол салып өлмек болды делінген.

Тергеу нұсқасы бойынша әйелін қызғанған отағасы ашу үстінде бүкіл отбасын қырып салыпты. Тек полицияға Мұхамеджанның туыстары мен көршілері сенер емес. Жақындарының пікірінше, қырғынға ескі көліктерді алып сатумен айналысқан жігіттің миллиондаған қарызы себеп. Сондықтан барлығы ауруханада жатқан Мұхамеджан Исраилов тілге келген соң не болғанын айтады деп күткен. Бірақ, ол есін жимастан көз жұмды. Ал тірі қалған анасы мен ұлы әлі оңалған жоқ.
:
«насы ауруханадан шыққанымен бірақ ауыр хәлде әлі де. Әлі де жауап бере алмайды. Біз оны әлі тергеу амалын жасап, жауап алған жоқпыз. Баласы шықты ауруханадан . Баласы өзінің енді жасына қарап, ешнәрсе айта алмайды. Білмейді, ешнәрсені не болғанын»,- ОҚО ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары

Талқылау