Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда Ахмет Яссауи кесенесінің маңында зорлана жаздаған қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Түркістанда тапа-тал түсте Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанында зорланағ жаздаған студент қыз болған оқиға туралы айтып берді. Оның айтуынша белгісіз біреу ұялы телефонын тартып алып, қаша жөнелген. Артынша ер адам өзін қуа жөнелген қызды тасаға сүйреп, арам ойын жүзеге асырмақ болған.

Түркістанда Ахмет Яссауи кесенесінің маңында зорлана жаздаған қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бойжеткен телефонын тартып алған ер адамды қуғаннан кейін, біраз уақыттан соң шаршап қалыпты. Осы кезде күдікті оның қолынан шап беріп, таса жерге сүйреген. Артынша соққыға жығып, киімін шешіп, зорлағысы келген.

«Мен шап беріп ұстап алып, таса жерге қарай сүйрей бастады. Зорлауға тырысты. Алайда Құдайға шүкір, бұл ойы жүзеге аспады», – дейді жәбірленген бойжеткен.

Беті қан-жоса болған қызды көргендер бірден жедел жәрдем шақырған. Ауруханаға жеткізілген қызды дәрігерлер қарап, соққы салдарынан жыртылған ернін тігіп берді.

Өз кезегінде Түркістан полициясы «Зорлауға оқталу» бабына сәйкес іс қозғады. Полиция мәліметінше, күдіктінің тұлғасы анықталған. Ендігі оқиғаның мән-жайын ІІД анықтайтын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау