Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда талдар бүр жарып жатыр

Оңтүстік Қазақстанда табиғат ерекше мінез танытып, тұрғындарды таңқалдыруда.

сирень-696x486

Бұл туралы otyrar.kz басылымы хабарлайды.

Бүкіләлемдік метерологиялық ұйымның мәлімдеуінше, аптап жаз бен жоғары температура қазіргі уақыт үшін қалыпты жағдайға айналып келеді. Ауа-райы 2016 жылы соңғы 137 жылдағы рекордтық көрсеткіш көрсетуде.

Ал Оңтүстік Қазақстан тұрғындары болса, климаттың осынау өзгерістерін өз көздерімен бақылау мүмкіндігіне ие болуда.

IMG-20160915-WA0004-696x928

Ақсу-Жабағлыда қыркүйек айының ортасында алмұрт гүлдеген. Тіпті тек гүлдеп ғана қоймай, тұқым да шығарған. Ал соңғы бірер күнде Түркістанда сирень гүлдеп, ерекше көңіл-күй тарту етіп жатыр.

Талқылау