Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында анасы мен екі баласы газдан уланып көз жұмды

Түркістан облысы Сайрам ауданында анасы мен екі баласы газдан уланып мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысында анасы мен екі баласы газдан уланып көз жұмды

Оқыс оқиға Манкент ауылында болды. Үш адамның уланғанын көршілері көрген. Олар жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенше үш адам мерт болған.

Газ қызметінің авариялық бригадасы келіп тексеріс жүргізді. Айтуынша, үй мұржасы дұрыс орнатылмаған. Жылу қазандығының құбыры қабырғадан көшеге шыққан. Ал, түтін шығаратын құбыр жылу қазандығынан ажырап кеткен. Қазандықтың желдеткіші де талаптарға сай болмай шықты.

Оқыс жағдайға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ал, марқұмдардың нақты неден көз жұмғаны сараптамадан соң белгілі болады.

Марқұм болған әйел 1973 жылғы балалары 2006 және 2009 жылы туған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау