Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркіменстанда баласы ірі көлемде ақшамен ұсталған соң министр өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

Түркіменстанда министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Батыр Эрешов өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды.

Түркіменстанда баласы ірі көлемде ақшамен ұсталған соң министр өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

50 жастағы Батыр Эрешов 3 мамырда қайтыс болған. Өз-өзіне қол жұмсағанын жергілікті басылымдар жазды. Дерек көздеріне сүйенсек, саясаткердің ұлы қамауға алынғаннан кейін қайғылы оқиға орын алған.

“Оны ұлы ірі көлемдегі ақшамен ұсталды. Дереу тергеу басталып кеткен. Кейін суицид дерегі анықталды. Анықталмаған ақпарат бойынша ол өзі туған Өзбекстан өлкесінде жерленген. Ал ұлы әлі күнге қамауда отыр”, – деп жазады дерек көзі.

Батыр Эрешов мемлекеттің өнеркәсіп кешендеріне жауапты болған.

 

Талқылау