Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркіменстан президенті су, жарық, газды тегін пайдаланудың күшін жойды

Түркіменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов елдегі барлық әлеуметтік жеңілдіктердің күшін жоюға бұйрық берді.

news1492507548

Бұл туралы елдің мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлады.

Бердімұхамедов бұл туралы сәрсенбі күні өткен үкімет отырысында баяндаған. Ол вице-премьер Ходжамеммедовке барлық жеңілдіктердің күшін жоюға қатысты тапсырма берген.

“Жеңілдіктер барлығына бірдей емес, тек нақты кімге қажет болса соларға ғана берілуі керек”, – депті президент.

“Біз салық жүйесінің арқасында жалақы көлемін арттырып, мақсатсыз ақшалай сыйақы жүйесінен бас тартамыз”, – деп атап өтті ол.

Түркіменстанда жеңілдіктер 1993 жылы мемлекеттің бірінші президенті Сапармұрат Ниязовтың кезінде енгізілген. Осының арқасында тұрғындар қазіргі кезге дейін су, газ және электр жарығын тегін тұтынып келді.

Оқи отырыңыз:

Биыл әлемде қанша адам ораза ұстады?

Ережесіз жекпе-жек чемпионы порноактрисаны зорлағаны үшін өмір бойына сотталды

Жарыс жолында қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік жарылып кетті (видео)

Шейх жариялаған тегін шопингтің соңы талас-тартысқа ұласты (видео)

Талқылау