Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрікменстан президенті немересімен бірігіп жаңа ән жазды

Президент Бердымұхамедов екі немересімен бірге «Kalbymda sen» (“Сен менің жүрегімдесің”) деп аталатын жаңа ән жазды.

1470024152_2016_07_30_pesnya_03

Сурет: catoday.org 

Түркімен баспасөзінің хабарлауынша, бұл әнді жазуды президент жас кезінде ойлаған екен.

Президент Гурбангұлы Бердымұхамедов осыған дейін де музыкалық дарыны барын көрсетіп келген. 2011 жылы ол «Мен саған берген ақ гүлдерім» деген ән жазған. Бірақ 2009 жылы бұл әнді түркімен әншісі Довлет Аманлыков орындап жүрген. Мұнан бөлек президент ди-джей рөлінде де өзін көрсеткен.

Түркіменстан президенті өзі шығарған өлеңдерін жиі жариялап тұрады. Мысалы «Алға, алға, тек алға, сүйікті отаным — Түркіменстан» деп аталатын әнін 2015 жылы бір мезгілде төрт мың адам орындап, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бүгінде бұл ән түркімен халқының ұранына айналып кеткен.

Мұнымен президенттің әдеби жетістіктері аяқталып қалған жоқ. Президент 2007 жылы мемлекет тізгінін ұстағалы бері үш мыңға жуық кітап жазыпты.

Жіберіп алмаңыз:

Түрікменстан Қазақстанмен шекараны уақытша жапты

Түрікменстан президенті дұрыс болжам жасамаған бас синоптикті қызметінен босатты

Түркіменстан президенті министрлерін жұмыстан қуып шықты

Талқылау