Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрікменстан президенті дұрыс болжам жасамаған бас синоптикті қызметінен босатты

Түрікменстан президенті Гүрбанғұлы Бердімұхамедов гидрометеорология жөніндегі Ұлттық комитеттің төрағасы Батыр Халлыевты ауа-райына қатысты дұрыс болжам жасамағаны үшін қызметінен босатты.

президент

Сурет: www.e-cis.info 

Мемлекет басшысы үкіме отырысында түрікмендік синоптиктердің ауа-райына қатысты дұрыс болжам жасай алмайтын кемшіліктерін айтты.

Біз гидрометеорология жөніндегі Ұлттық комитеттің жұмысын жақсарту мақсатында қаржылай көмек көрсетіп, қажетті құрылғыларды сатып берген едік. Халлыв осыдан соң ауа-райы болжамдарының дәл болатынын айтқан. Алайда, болжам нақты болмай, керісінше ауа-райымен көп сәйкес келмейтін болып кетті, – деді Бердімұхамедов.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай жағдайдың болуы ауылшаруашылық жұмыстарға, жол жүру жүйесіне, мәдени шараларды ұйымдастыруға зиянын тигізеді.

Осыған байланысты ел президенті Халлыевты қызметінен босатты. Ол 2010 жылдан бері гидрометеорология жөніндегі Ұлттық комитеттің төрағасы қызметін атқарып келген.

Ал, Халлыевтың орнына Бегенч Миминов тағайындалды. Сондай-ақ, мемлекеттік статистика комитетінің басшысы да статистика мәліметтерін асырғаны үшін қызметінен босатылды.

Талқылау