Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шарын мен Бурабай жалға берілетін болды

Ұлттық парктердің аумағы жалға берілетін болды. Еліміздің көркі көз тартатын аймақтарындағы жер телімдері ұзақ уақыт пайдалануға берілуі мүмкін. Жер телімін алғандар сол жерде инфрақұрылым мен туристік бизнесті дамытуы керек.

0_3b7d2_b6943c53_origБұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Ақпан айының өзінде 50 нысан тендерге қойылмақ. Олардың ішінде Көлсай көлі, Шарын шатқалы, Талғар және Түрген шатқалы, Бурабай сынды танымал орындар бар. Аталған нысандарды кез-келген қалталы азамат 49 жылға дейін жалға ала алады.

Бұл сатылым барлық өңірлер бойынша жүргізіліп жатыр. Шығыста Қатон-Қарағай, оңтүстікте Сырдария-Түркістан саябағы, солтүстікте Бурабай тендерге түспек. Тау, шатқал, орман, көл – барлығы ендігі кезекте жалға берілмек. Қазіргі таңда кәсіпкерлерден ұсыныс күтілуде. Алматыда осы ретте ауылшаруашылық министрлігі өкілдері ұлттық парктердің директорларына нысандарды лайықты адамдарға ұсыну қажеттігін айтты. ozero-kulsaj-mynzhylgy-kazaxstanҚазақстан бойынша 50 нысанды 49 жылға жалға беру қарастырылып отыр. Оның ішінде кәсіпкерлерге Көлсай көлі, Шарын шатқалы, Талғар және Түрген шатқалы, Бурабай, Медеу мұз айдыны нысандары ұсынылады. Сатып алған адам, аталмыш аумақты гүлдендіріп, ыңғайлы демалыс орынына айналдыруы керек.

«Бекітілгеннен кейін инвестор эскиз дайындап, бізбен жоба жөнінде келісімге келуі тиіс. Бұл нысандардың бағасы жобалық-сметалық құжаттарға байланысты. Содан кейін барып біз қандай сомаға тоқталғанымызды анықтаймыз. Бұл бір жағынан кәсіпкердің қаржылық құпиясы іспетті», – дейді ҚР ауылшаруашылығы министрлігі орман комитетінің басшысы Қайрат Өстеміров. Charyn_Canyon_-_3Шенеуніктер туристік саланың дамуына басымдық беріп отыр. Оның үстіне бізде шетелдіктерді таң қалдыратын орындар аз емес. Мәселен, Іле-Алатауы паркі клиенттерден кенде қалмайтындарына сенімді. Өйткені, оларда Ақбұлақ шаңғы курорты және Талғар сайындағы жаңа биатлон трассасы бар. Бұл жерлерде келесі жылы Универсиада ойындары да өткізіледі.

«Ауылшаруашылық министрлігінің мәліметінше Қазақстандағы ұлттық парктерге жыл сайын миллионнан астам адам келеді екен. Ал егер ол орындардағы жағдайды одан сайын көркейте түссе, әлбетте келушілердің де саны артары анық», – дейді Іле-Алатауы ұлттық паркінің директоры Марлен Айнабеков.


Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді

Талқылау