Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түпнұсқа косметиканы жасанды түрінен ажыратудың 7 әдісі (фото)

Брендтік косметикалар ешқашан тым арзан бағада сатылмайды. Өйткені, ешбір сатушы пайда көрмей құрдымға кетуді қаламайды. Ондай тауарлардың қасынан жәй ғана өтіп кете салған дұрыс. Ол заттардың жасандылық ықтималдылығы тым жоғары.

1-2

Бұл туралы ognov.ru хабарлайды.

Күдікті сауда дүкендерінен косметика сатып алмаңыз. Өкінішке қарай, сенімді деген дүкендердің өзінен жасанды тауарлар кездесіп жатады. Сол себепті брендті тауарды сатып алар алдында, оның ресми сайтына кіріп, тауарды сертификаттап сататын нүктелердің өз қалаңның қай жерінде орналасқанын білу маңызды. Сол кезде сізде сатушыдан тауардың сертификатын талап ете аласыз.

Қаптаманың дизайнына да зер салыңыз.

2

Алаяқтар барынша бәрін мұқият жасады дегеннің өзінде, оның түсі, өлшемі, жазу сапасы мен шрифтынан да жасанды немесе шынайы екенін аңғаруға болады.

3-1

Егер сатып алатын затыңыз парфюмерия болса, онда партия нөмірі қаптамада және пластикалық корпусында көрсетілуі тиіс. Ал штрих-код өндіруші елмен сәйкес келуі қажет.

4

Косметикалық брендтің ресми сайтынан өнімнің түс палитрасын қарап алыңыз: көбінесе жасанды өнімді жасаушы алаяқтар түпнұсқаға ұқсамайтын түстерді пайдаланады.

5-444x600

Түпнұсқа косметиканың текстурасы біртекті, ал иісі ешқашан жағымсыз болмайды.

6

Мәселен, жасанды ерін далабын ажырату үшін жапсырманың түзу еместігіне, түйіршігі мен жалпы көлеміне мән беру керек. Жалған тушь тым сұйық болып келеді.

7

Өнімді сатып алар кезінде үнемі сынап көрген дұрыс.

8-1

Жақсы дүкендерде арнайы сынама үшін береді.

Оқи отырыңыз:

Қара тізім: үйіңізде болмауы тиіс 6 түрлі әрлеу материалы

Аспаз кеңестері: ботқаны қалай дұрыс дайындау керек

Жаманқұловтың жұбайы: Тұңғышбайды куәгер ретінде шақырған болатын

Қанат Ислам жекпе-жектен соң екі қолының қандай күйге түскенін көрсетті (фото)

Талқылау