Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісіне ұсыныс жасаған Артур Төлепов үйленуден бас тартты

Осыдан 3 күн бұрын желі қолданушылары отандық шоу-бизнестегі сұрбойдақтар санының кемігеніне куә болған еді. Мына суретте көріп тұрғандарыңыздай Артур Төлепов сүйіктісіне ұсыныс жасап, сақинасын да сыйлағанды. Алайда, актер тойды күткен қауымның қуанышын су сепкендей басты.

артур динара барби

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Бұл интернет желісінде жүрген белгілі бір бағдарламаға арналған сюжет болатын. Барлығы ойлап қалған екен, Артур үйленіп жатыр деп. Бұл интернеттің күші, бұл жалған ақпарат», – дейді актер Артур Төлепов.

Артур желіде тараған ақпараттың жалған екенін жеткізсе, Аян Бірбаев Төлеповтер жанұясындағы құпияның құлпын ашты. Ринголық әншінің сөзіне сенсек, ағасынан бұрын, бірінші інісі шаңырақ көтеретін тәрізді.

«Асылхан жайлы естідім де, Артур жайлы естімеппін. Жаңа ғана кіреберісте таныс адаммен Астанадан хабарласып едім телефонмен, сол айтты Артурда үйленейін деп жатыр екен ғой деп. Мен айтам сен шатастырып тұрсың — ол Артур емес, Асылхан деп», – дейді RinGo-лық Аян Бірбаев.

Аянның айтқанын ақиқатқа балауға болатын сияқты. Биыл Төлеповтердің отбасында той болса, таң қалмаңыз!

«Егер үйленгің келсе, өзіңнің сүйіктің болса үйлене бер деген. Тапқан кезде күтпе мені деп. Бірақ, енді әзірге сөзге келдік. Бәрі жақсы! Бірақ енді бұйырғаны болады. Кім бірінші шаңырақ көтереді — бізде қарсылық жоқ!» – дейді актер Асылхан Төлепов.

Алайда, Артур жеке өміріндегі жаңалықтардан гөрі, бүгінде шығармашылығын шыңдауды жөн деп шешкен. Күні кеше шоу-бизнестің басын қосып, су жаңа видеоның тұсауын кескен Төлеповтің әні арқылы айтары бар.

«Асықтым! Кімге асықтым? Әрине, өзімнің екінші жартымды, өмірлік жарымды табуға асығыс танытқан түрім бар. Жасым 26-да, енді үйдегілер айтып жатыр. Өзімнің осыдан 4-5 жыл бұрын әзілдегенім бар еді, Эксподан кейін үйленемін деп… Сол Экспо да жақындап қалған екен», – дейді Артур.

Жіберіп алмаңыз:

Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашты туған күнімен құттықтады (видео)

Әлем фанаттары Димаштың туған күніне тосынсый әзірлеп жарысуда (фото, видео)

Қыдырәлі мен Қарақаттың қыздарына қандай есім бергені белгілі болды

Гүлзира Айдарбекова: Бірден бөлек шыққан келін қонақ секілді болады

Талқылау