Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісін 5 жыл бойы күткен қазақ жігітінің әрекеті жұртты сүйсіндірді

Жасы келіп қалса да, шетелге кеткен сүйіктісін күткен жігіттің әрекеті жұртты сүйсіндірді.

ву

Бұл туралы Бірінші арнаның “Бәріміз де адам” бағдарламасында айтылды.

Данияр мен Құрманай осыдан 8 жыл бұрын танысқан. Жігіт қызға бірден ғашық болып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Алайда бойжеткен бұл ұсынысты қабыл алмай, шетелге оқуға кетіп қалады. Сүйіктісінің бұл шешіміне қарамастан, Данияр оны 5 жыл бойы күтеді.

“Мен Даниярмен 11 сыныпты бітірген соң таныстым. Болашақ бағдарламасы арқылы Ұлыбританияның Эдинбург қаласындағы университетке оқуға түстім. Осыдан кейін 5 жыл сол жақта болдым. Ол уақытта біз 4-5 айдай жігіт-қыз болып жүріп үлгерген едік. Арасында жазғы демалыста, қыста Астанаға келіп жүрдім. Ал Данияр мені күтіп алды”, – дейді Құрманай Өтепова.

Жігіт өз кезегінде сүйіктісі алыста жүрген кезде қатты қиналғанын айтып жатыр. Ол Құрманайды бір көргеннен-ақ анасымен таныстырғысы келген екен.

“Жылына екі рет көру жеткіліксіз. Қиналмадым деп айта алмаймын. Бірақ осы қиындықты өткерген соң, рахатын көресің. Құрманай кітапханаға кіріп келген кезде, “Осы қызды анашыммен таныстырсам” деп ойладым. Басында өте қатты ұнаттым. Сол сезім 5 жылға дейін жетті. Тіл табыса білсеңіз, ара-қашықтың сезімге еш әсерін тигізбейді.

Ғашықтар қашықта жүрсе де, бір-бірімен скайп арқылы сөйлесіп жүрген. Бастапқыда жігіт сүйіктісін алып қалмақшы болған екен.

“Мен Құрманайды шетелге жібермеудің амалын іздедім. Астанада жұмысқа тұрып, барлығының жақсы болатынын айттым. Астана унисерситеттерінде де жақсы білім беретінін тілге тиек еттім. “Әкеме уәде беріп қойдым” дегендіктен, оны бұл райынан қайтара алмадым”, – дейді Данияр Жанысов.

рне

Бойжеткеннің ата-анасы бастапқыда бұл некеге қарсы болған. Олар қыздарына ЖОО-дағы білім тәмамдаған соң ғана рұқсаттарын беретінін айтқан. Болашақ ата-енесінің бұл шешіміне Данияр ашуланып қалған екен. “Шамалы ызаланыдым. Сосын бұл маған “Сен мені күтесің бе?” деп сұрады. “Жарайды, күтемін” деп келістім. Мен жігіттік сөзімде тұратын адаммын”, – дейді ол.

Құрманай да, шетелде жүріп сүйіктісін қызғанғанын жасырмады. Оның үстіне Даниярдың ата-анасы оны басқа қыздарға үйлендірмек болған екен.

“Менде қорқыныш болды. Оның үстіне Даниярдың жасы келіп қалған болатын. Шамамен 28-29 жаста еді. Ата-анасы да оған басқа қыздарды көрсетіп, талай таныстырды. Бірақ арамызда үлкен сенім болғандықтан, бізде бір-бірімізге деген күмән болмады. Шыны керек, 5 жыл тез өте шықты”, – дейді бойжеткен.

Ғашықтардың бұл пікірімен Ринат Елубаев есімді студия қонағы келіспеді. Себебі, ол өзі басқа қалаға оқуға кеткенде, қызы басқа жігітпен жүріп кеткен екен.

“Ғашықтардың арасы алыстаған сайын көңілдері де суи бастайды. Мен Ащутас ауылында туып-өстім. Артынша Арқалық институтына оқуға түстім. Ауылда Вера деген қызым қалды. Ол мен басқа қызбен көңіл қосып жүрген болар деп көзіме шөп салыпты. Былайынша айтқанда, маған мүйіз шықты десе де болады. Қызың қасыңда болмаса, міндетті түрде күмән болады”, – дейді Ринат мырза.


Жіберіп алмаңыз:

Қайын жұрттан көрген қорлық: Келін неге төркіншіл болады?

Қазақстанда ең көп және ең аз жалақыны кімдер алады

Биыл қазақстандық автокөліктер қымбаттайды

Қазақстанда ипотека бағасы ғажайыптағыдай 5 пайызға дейін арзандамақ

Талқылау