Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісімен айырылысып кеткен Луина тұрмысқа шыққысы келмейтінін мәлімдеді

Осыдан жарты жыл бұрын сүйіктісімен айырылысып кеткен Луина енді тұрмысқа шыққысы келмейтінін мәлімдеді. Бірақ былтыр ғана әншінің той салондарынан шықпай, ақ көйлек киюді армандағаны ел есінде. Луинаның пікірін түбегейлі өзгерткен кім? – деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Луина

“Неге елдің бәрі маған тұрмысқа шық деп кеңес береді? Мен қаламасам ше? Өмірімді бөліскім келетін еркек жоқ болса ше? Біреу ер адам ақыр соңында дана әйелмен бірге қалады деп жазыпты. Қала берсін! Ал мен дана болудан шаршадым, енді ондай болғым келмейді. Өз болмысымда қалғым келеді. Жақында ғана толыққанды еркіндікті сезіндім. Ешқашан дәл осындай бақытты сезінген емеспін. Оған шексіз қуаныштымын. Жақсы көріңіздер”, – деп жазды Луина бірер күн бұрын Instagram-дағы парақшасында.

Алайда желі оқырмандары Луинамен келіспейтіндерін жазып жатыр.

“Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Өмірдің тәттілігі жанұяда, әсіресе бала сүю – ең үлкен бақыт”, – деп ақылын айтты желі қолданушыларының бірі.

“Күйеуің бар болса да, жоқ болса да – бір проблема. Алайда балалы болудың қаншалықты үлкен бақыт екенін білмейсің, сондықтан асықпа”, – деп қоштады екіншісі.

Тағы оқыңыз: 

Салтанат Бақаева бұрымдыларға шаш өрудің түрлі әдістерін үйретіп жүр (видео)

Ақботаның үшінші күйеуі ажырасып кетті деген қауесетке жауап берді

Сара Амангелді: КешYou-де жүрген кезде киноға бару үшін директорға жазып, сұранатын едік

Хайп жасадық: Арман мен Аша 3 жыл бойы елден не жасырған

Талқылау