Сүйіктің джинсыңызды құтқару жолдары: «ыңғайсыз» жерін жамау (фото)
Сүйікті джинсыңызға екінші өмір сыйлаудың түрлі тәсілдері бар. Ол әдемі әрі безендіруге арналған былғары жапсырма, кесте не сәнді бастырмалар болуы мүмкін. Десе де кейде шалбарымыздың жамауға келмейтін тұсы жыртылып жатады. Не істеу керек?
Қажетті заттар:
- желімді мата;
- джинсыңыздың түсіне сәйкес жіп;
- қайшы;
- тігін машинасы.
Джинсыды теріс айналдырып, желімді матадан жыртықты толығымен жабатындай мөлшерде қиып аламыз.
Желімді матаны үтіктейміз.
Егер жамау байқалмай тұрсын десеңіз, желімді мата орнына жұқа зығыр немесе джинсыдың түсіне сәйкес мақта мата қолдануыңызға болады.
Мұнан кейін джинсыдың беткі жағынан жыртықты қайып тігеміз. Тігісті жыртыққа перпендикуляр етіп жүргіземіз.
Тігісті «артқа қарай жүру» қызметі бойынша жүргізуге болады.
Мығымдығы үшін жамаудың шеттеріне периметрі бойынша тігіс жүргізе аласыз. Немесе шетінің артық тұстарын қиып тастаңыз.
Мінекей, бұл жаңа джинсыңыз.
Жамаулар әсемдік мақсатында тігілгендей көріну үшін, оларды бірнеше жеріне тігуіңізге болады.
Оған қоса түрлі-түсті жіп қолданыңыз. Мысалы, көк және ақ түсті қоса аласыз.
Тозған әрі жыртылғандай көрінетін джинсылар сан жылдар қатарынан сәннен қалмай келеді. Сондықтан мұндай жамаулар джинсыңызбен қайта қауыштырып, оны анағұрлым сәнді ете түседі.