Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүттің пайдасы: Қандай сүт пайдалы және ол шынымен де ағзаға әсер ете ме

Сүт секілді қайшы пікірлерге ие басқа да азық-түлік өнімдерін табу қиын. Ол жалпы денсаулыққа пайдалы ма, салмақ тастауға көмектесе ме, оны шикі күйінде немесе пастерленген, майсыз немесе толық майлысын сатып алу керек пе? Бұл жайлы Stan.kz ұсынатын мақаладан оқып біле аласыздар.

Сүттің пайдасы: Қандай сүт пайдалы және ол шынымен де ағзаға әсер ете ме

Бір жағынан сүттің зиянды екенін айтатын топтар бар. Сондай-ақ, спектрдің екінші жағында сүттің өзіңді жақсы жағдайда ұстау үшін қажет екеніне сенімді сүт қауымдастығы тұр.

Ал оның пайдалылығы туралы пікірталастардан бөлек, ескеру керек саяси, этикалық, экологиялық факторлар бар да бар.

Ғалымдар әлем бойынша 400 000 ересек адамды 28 жыл бойы бақылап, зерттеу жүргізді. Сонда бәрінен де сүтті аз ішкен немесе мүлде тұтынбаған адамдарға қарағанда, көп сүт ішкендер жүрек, инфаркт секілді ауруларға аз ұшыраған.

Бірақ, әлемде гормондардан туындаған қатерлі ісік ауруларынң өсуі байқалады. Ал сиыр сүті реттелмеген клеткалық бөлінуді тудыра алатын эстрогеннің және инсулин тәрізді факторлардың өсуінің көзі болып табылады.

Екінші жағынан, кеуде қатерлі ісігі немесе простата безімен сүттің арасындағы тәуелділік басқа жануарлардан алынатын өнімдердің, әсіресе қызыл еттің артық мөлшерде тұтынылуының әсерін жоққа шығаратын болса, нөлге жетеді.

Тағы да мынадай деректер бар:

  • Сүт ішу жатыр қатерлі ісігінің қаупін арттырады, бірақ бір уақытта жиі кездесетін анальды каналдың қатерлі ісігіне шалдығу қаупін төмендетеді.
  • Қазіргі уақытта сүт тұтыну мен 1-типтегі диебеттің арасындағы тәуелділікті растайтын дәлел жоқ.
  • Халықтың шамамен 70 пайызы бір деңгейде лактозаны көтере алмайды. Ал бұл сүт ішетіндерге қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ, олар құрамында лактоза аз сүтті іше алады. Оның үстіне, ірімшік пен йогуртта лактоза айтарлықтай аз болады, сондықтан оларды тұтынуда ешқандай қиындық туындамайды.

Батыс тұрғындары сүт өнімдерін аз тұтынса да, оларда остеопорозге шалдығу жағдайлары Шығысқа қарағанда көп кездеседі. Әйелдердің денсаулығын зерттеумен айналысатын Nurses Health Stydy күніне екі стақаннан көп сүт ішетін әйелдердің сүйек сынығына көп ұшырайтынын анықтады.

Бірақ, азиалықтар өте өзгеше диета мен өмір салтын ұстанады. Ал Nurses Health Stydy алған нәтижелер, сыну қаупі туралы білетін және оны өтеуге тырысатын әйелдер санының жай ғана көрініс болуы мүмкін.

Ал күніне үш рет сүт ішу салмақты азайтатынын көрсеткен зерттеулердің ешқайсысы дәлелденбеді. Тағы басқа тәуелсіз зерттеу күндіз сүт ішудің артық майдан құтылуға қатысты ешқандай әсер бермейтінін көрсетті. Жалпы, сүт салмақты азайтады деген нәтиженің кімге тиімді болғаны таңғаларлық емес.

Ешкі сүті көптеген дертке ем >>>

Сонымен қатар, пастерленген сүтті жақтаушылар бұның қоректік құндылық пен хош иіске біршама әсер ететін зиянды бактерияларды жою үшін қажетті процес екенін айтуда.

Ал пастерленген сүтті қолдамайтындар бактерияларды өлтіретін процестің бір уақытта біздің ағзамыз үшін өте маңызды дәрумендер мен минердарды, энзималарды өлтіріп тастайтынына сенімді. Сонымен қатар, олар өңдеуден өтпеген сүттен бактериялық инфекциялардың жиі кездеспейтінін айтуда, сондықтан оны жаһандық проблема деп айту орынсыз.

Жалпы жоғарыда айтылғандардың бәрінен қорытынды жасау – бұл өте субъективті мәселе, бірақ оған қарап мынадай қорытындыға келуге болады:

  • Жарнамалық компаниялар алға тартып жүргендей, сүттің шынында да пайдасы өте көп дегенді әлі ешкім деледемеді. Пайдалы диетаға сүт ішудің мүлде қатысы жоқ.
  • Жануарларға этикалық қатынас көрсету қоғамы тұжырымдағандай, барлық жамандықтың түп тамыры сүттен емес. Басқа заттар тең болған жағдайда, күніне 1-3 рет сүт өнімдерін тұтыну, витаминдер, минералдарға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін жеткілікті, бірақ зиянды әсер туралы алаңдаушылық тудыруға жеткіліксіз.
  • Сүт және басқа сүт өнімдері кальций алудың жалғыз тәсілі болмаса да, оның нақты мөлшерін алудың ең жақсы тәсілі болуы мүмкін. Сондай-ақ, сүт өнімдерін Д дәруменімен толықтыруға кеңес береміз, бұл сүйектердің сол кальцийді сіңіруіне мүмкіндік береді.
  • Бір стақан сүт немесе йогурт және бір тілім ірімшік салмақ тастауға көмектеседі деп күтпеңіз.
  • Сүтті пастерлеуге қарсы қоғам тұжырымдағандай пастерленген сүт соншалықты көп проблема тудырмауы мүмкін, бірақ қайшы пікірлер де дұрыс. Ал шикі сүтті тұтынудан бактериялық инфекциялар жұқтыру қаупі едәуір төмен, бірақ ықтимал салдары оларды елемейтін емес, ауыр болады.

Егер өңделмеген сүтті тұтынатын болсаңыз, онда жануарлардың қандай жағдайда ұсталатынын, сондай-ақ гигиенаның сақталуын және сізге сүт жеткізетін адамдардың өнімді қалай тексеретінін білу маңызды. Сонымен қатар, сіз шикі сүт ішесіз бе, әлде өңделген сүт ішесіз бе, егер сіз оны қалыпты мөлшерде тұтынсаңыз, оның денсаулығыңызға айтарлықтай әсер етуі екіталай.

 

Талқылау