Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүңгуірлер Нұра өзеніне батып кеткен жігіттің денесін тапты

Іздеу жұмыстары үш тәулікке созылды. Құтқарушылар өзен жағасын түгел тінтіп, қамыс арасын да кезіп шыққан.

уауа

Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы суда құтқару станциясының хабарлауынша, үш тәулік бойы Нұра өзенінің бірнеше шақырымы тексерілген. Өзендегі қатты ағыс іздеу жұмыстарына да кедергі келтіріпті.

“10 шілде күні кезекті іздеу жұмыстары кезінде Астана көпірі жақтағы өзен ауданынан жас жігіттің денесі табылды”, – деп хабарлады Теміртау қалалық жедел-құтқару бөлімінің басшысы Михаил Шуленин.

Еске сала кетсек, 7 шілде күні достарымен табиғатта қыдырып жүрген жасөспірімнің суға батып кеткені туралы ақпарат төтенше жағдайлар бөліміне келіп түскен болатын. Теміртау құтқарушыларының мәліметінше, бұл қайғылы оқиға осы шомылу маусымындағы бесінші жағдай екен.

Бұған дейін Өскеменде де 17 жастағы жігіт суға батып қайтыс болған еді. Кейінірек оның селфи жасамақшы болып, қайғылы оқиғаға ұрынғаны туралы ақпарат пайда болды.

Талқылау