Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыйлыққа берілген күрте: Қайрат Нұртастың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Қайрат Нұртас өзінің былғары күртесін залда отырған мүгедек балаға табыстады. Көпшілік әншінің бұл қылығына сүйсінді.

епа

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өзінің концертінде киімін халыққа табыс ететін жұлдыздардың қатарында Қайрат Нұртас та бар. Әнші киімдерін қымбат бағаға тіктірсе де, оларды тыңдармандарына сыйлағанды ұнатады. Әдетте костюмін сахнада тұрып халыққа лақтыратын әнші бұл жолы аталған әдетінен бас тартты. Концертке өзімен бірге ала келген күртесін арбаға таңылған балаға өз қолымен табыстады.

Әнші күртесін балаға бере салысымен өзі сахнаға асықты. Бұған әнінің басталып кетуі себеп болса керек. Десе де, балақай оны қолынан тартып, өзімен суретке түсуді өтінеді. Әнші бүлдіршіннің бұл тілегін де орындайды.

Қайрат Нұртастың бұл қылығы желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. “Жарайсың, Қайрат! Құдайдың көзі тура болсын. Алланың нұры жаусын”, “Осылай жасағаның өте дұрыс болды. Қостанайда адамдар киіміңе сонша таласып еді. Бұл жолы күртеңді халыққа лақтырмағаның қандай жақсы болған”, “Қайрат секілді қайырымды, жомарт жігітке Алла ұзақ ғұмыр берсін” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Жанар Айжанова: Кешеден бері Тұңғышбай ағадан ұялып жүрмін

Аша мен Арман қыздарының есімін Асылым деп қойды (видео)

Гүлнұр Оразымбетова: Кім айтты менің жолдасым көрінбейді деп?

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

Талқылау