Сыйлық алу кезінде Дженнифер Лопестің көйлегі жыртылып кетті
Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің People’s Choice Awards сыйлығын алу кезінде көйлегі жыртылып кетті.
47 жастағы әнші кешке модельер Рима Акраның 2017 жылғы топтамасын, жабысып тұратын қара көйлегін киіп келген. Ол қызыл кілеммен жүріп өткенше көйлегінің жаны сөтіліп кетті. Көйлегінің жыртығы суреттерде анық көрінеді.
Марапаттау салтанаты 18 қаңтар күні Лос-Анжелесте өтті. Лопес «Оттенки синего» фильмінде басты рөлде сомдап, «Криминалды телесериалдардың сүйікті актрисасы» номинациясын жеңіп алды.
Жіберіп алмаңыз:
Бразилияда «Ламбада» әнін орындаушының өртенген денесі табылды
Танымал ресейлік модель аттракционда қайғылы жағдайда қайтыс болды
Қытай Димаш Құдайбергеновке «Тәңір өзі назарына алған әнші» деп баға берді (фото)
Баян Есентаева: Небәрі жарты сағаттың ішінде барлық тісімнен айырылдым
Талқылау