Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыйламастардан сый күтпе – кемеңгер жалқы, тобыр көп: Төреғали көпшілікке өлең жолдады

Мұңға батқан Төреғали Төреәлі тыңдармандарына өлең жолдады.

Әнші парақшасына ақын Фариза Оңғарсынованың өлеңін жариялады.

Жұрт маған неге жауықты?»,
Деп өзің босқа кішірме.
Талантты болу қауіпті
Талантсыздардың ішінде.

Жан жетпегенмен жүйрікке,
Ызыңдар зулап соңында оқ.
Сыйламастардан сый күтпе-
Кемеңгер-жалқы, тобыр көп.

Бір өзі көкке өрлей ме,
Кездеспей жолында орсыз жер.
Тобырға мазақ ол кейде,-
Өзімізбен бірдей болсын дер.

Тумысы бөлек кемеңгер
Көсем болуға ұмтылмас.
Қара бас қамын жегендер
Қаракет етуден бір тынбас.

Өтседе өмір: алды жар,
Тылсым ба маңы, сор ма арты,
Халқының даңқын қалдырар
Түбінде әйтеуір сол жалқы.

Желі қолданушыларының бірі әншіні қолдаса, бірі қарсы пікір айтты.

“Өз қателігіңді түсініп жүр екен десем, əлі де тек қана өзіңді сүйеді екенсің. Бұның болмады. Алланың басыңа берген бағың көтере алмадың. Əлі де болса кеш емес, жылап, жыланбай Алланың берген талантын орнымен пайдаланып, тағдырың халқыңның қолында екенін ұмытпа”, “Төреш мықты, зор әнші бірақ мына тәккәпарлық пен өркөкіректік адамды жақсылыққа апармайды. Бәрі орнына келеді деп ойлаймын, еш қамықпа Төреш. Атыңнан айналайын қазағым сені кешірді өйткені сені жақсы көреді емес пе”, – деп жазады желідегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау