Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сырын әлі ешкім таппаған жерасты үйі

Армениядағы жерасты үйінің сырын әлі ешкім тапқан жоқ. Туристерді де құпияға толы осы мекен қызықтырады.

72c3JJgI_i8

Фото: hetq.am

Бұл туралы “24.kz” арнасы хабарлайды.

Шағын ғана ауылда орналасқан жерасты үңгірі Левон Аракелянның үйінде орналасқан. Оның авторы да өзі. Ереванға жақын орналасқан Ариндж мекенінде ХХІ ғасырдың үңгір лабиринті бар. Архитекторы – Левон Аракелян.

Аңызға сенсек, Левон шебердің жұбайы жерқойма қазып беруін сұраған екен. Нәтижесінде әртүрлі деңгейде орналасқан төбесі тегіс 7 залы бар лабиринт пайда болыпты. Автор жерасты үңгірін қазуға геодезия құрал-жабдығынсыз, сызбасыз кіріседі. Дегенмен, жасаған дүниесінде мүлт кеткен жері жоқ. Қазір мұнда келушілердің қарасы көп. Туф және базальтпен мәнерлеп қапталған көптеген дәліздер көрер көзді таңқалдырады. Инженерлер мен архитекторларды да тамсандырған осы көрініс. Ғалымдар шебер 23 жылдың ішінде жалғыз өзі қолда бар құралдарымен, зілбалға, балға және кескішпен осыншама жұмысты қалай істеген деген сұраққа жауап таппай келеді.

80424673-C7C9-4F21-8FDB-4BCD7DA94A61_mw1024_s_n

image

“Оның құрылысшы деген білімі болмаған. Соның өзінде ауа алмасып тұратын жүйені ойлап тапты. Үңгірдің ең төмен деген жерінің өзінде таза ауа бар. Мұндағы температура жыл бойы 7-10 градус. Міне, мынау вентиляция шахтасы”, – дейді  экскурсия жетекшісі Ашот Левонян.

Бұл үңгірге түскен туристер ертегілер әлеміне тап болғандай күй кешеді. Онда жүріп-тұратын жолдардың барлығы софит шамдарымен қамтылғандықтан, алған әсеріңіз еселене түседі. 21 метр тереңдікте ұзындығы 150 метр болатын дәліздің аса қасиетті деп саналатын нүктесі де бар.

soOxlpd_zak

Үңгірдің соңына дейін қазылмай қалған тұстары да бар. Алайда, халық арасынан шыққан сәулетшінің 13 немересі атасының ісін жалғастыра алады. Дегенмен, Левон Аракелян бұл жерасты әлемін не үшін жаратқанын ешкімге айтпай өмірден өтіпті.

Естеріңізге сала кетсек, әркімнің де тұрғысы келетін ағаш үстіне салынған ерекше үйлер туралы жазған болатынбыз.

Талқылау