Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Сырлас керек”: Тамара Асар қызды болуды армандап жүр

Жақында ғана Маржан Арапбаеваның қызына кіндік шеше атанған Тамара Асар енді өзі де қызды болуды армандап жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сырлас керек": Тамара Асар қызды болуды армандап жүр

“Өзім сияқты таңнан кешке дейін армандап жүретінім – бір қыз. Өзіммен сырлас болатын, өзімнің тіреуім болатын, жаныма желеу болатын, кейбір нәрсені ұлыңа айта алмайсың… Сондықтан өзіммен сырлас болатын, қасымда самаурынымды бірге қайнатып отыратын сырлас қызым болса деймін”, – деп ағынан жарылды Тамара Асар.

Айта кетейік, таяу күндері Маржан Арапбаева үшінші қызын босанып, оған Сафия деп есім берген еді. Арапбаева өнердегі әріптесі Тамара Асарды үшінші перзентіне кіндік шеше етіп “тағайындады”.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау