Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыраны сүйіп ішеді: 100 жасқа толған кейуана ұзақ өмір сүруінің құпиясымен бөлісті

Ұлыбритания тұрғыны 100 жасқа толған мерейтойын атап өтіп, ұзақ өмір сүруінің құпиясымен бөлісті

Сыраны сүйіп ішеді: 100 жасқа толған кейуана ұзақ өмір сүруінің құпиясымен бөлісті

Бұл туралы BBC News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ланкашир графтығының Блэкпул қаласындағы қарттар үйінде тұратын Эйлин Махердің 100 жасқа толуына орай, туған күн кеші ұйымдастырылды. Туған күндерде дәстүрлі түрде қойылатын тортпен қатар, дастарханда кейуананың сүйікті сырасы мен ванильді кремі бар печеньелер болды. Дәл осы сусын мен печеньені кейуана ұзақ өмір сүруінің құпиясы деп біледі. Туған күн кешінде Махер өмірінде бірінші рет селфи жасап, ең жақын досының қызымен би биледі.

«Менің туған күнімнің құрметіне кеш ұйымдастырады деп күтпедім. Бұл сондай тамаша болды. Менің ұйқым қанбады. Бірақ ертең жақсылап ұйықтап аламын», – дейді туған күн иесі.

Ал қарттар үйінің менеджері Элейн Райт кейуана үшін үнемі сүйікті сырасын әкеп тұратынын айтты.

«Ол – ерекше әйел. Біз ол үшін үнемі сүйікті сырасын әкеп тұрамыз. Ол сол сыраны сүйіп ішеді», – дейді ол.

Махер 33 жасында күйеуімен бірге Блэкпул қаласына бал айын өткізу үшін келіп, сол жақта тұрақтап қалған. Ол күйеуі қайтыс болғаннан кейін, 2015 жылдың мамыр айында қарттар үйінде тұра бастады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау