Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыр сақтай біліңіз: ешкімге айтуға болмайтын 7 нәрсе

Қашан да құпия болып қалуы тиіс дүниелер бар. Егер олар жайында айналаңыздағылар құлағдар болса, қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Міндетті түрде ішіңізде бұғып, ел кұлағына ілінбеуі тиіс дүниелер тізімін ұсынамыз.

62363

Маңызды жоспарлар

Қол жеткізуді көздеген мақсат-жоспарларыңыз жайлы ешкімге тіс жармаңыз. Әбден жүзеге асырғанша құпия ұстағаныңыз абзал. Көлемді мақсат-жоспарлардың әлсіз, толық ойластырылмаған тұстары болуы қашан да заңды. Егер ойға алған жоспарыңыз туралы әлдекімге айтсаңыз, ол кемшіл тұстарын тізбелеуі мүмкін. Нәтижесінде көңіліңіз қайтып, жігеріңіз құм болады. Ол мақсатыңызға жетуге кедергі жасайды.

Қайырлы іс-әрекет

Қайырымды, жомарт, қайырлы істер де құпия болып, өзіңіз бен Жаратушы арасында ғана қалғаны ләзім. Мұндай істер атақ-абырой, жақсы атқа иелену үшін жасалмайды. Егер өзіңізді мақтар болсаңыз, бойыңызда тәкаппарлық оты маздай түседі. Ал бәрі-бір де игі әрекеттеріңіз жайында өзгелердің хабардар болғанын қаласаңыз, мұндай әрекетке итермелеген не нәрсе екенін сана сарабынан өткізгеніңіз жөн. Бәлкім, мәселе жанашырлық пен мейірімділікті емес, қошемет сөздерін естуді қалауыңызда болар.

Жеке өмір

Ешқашан жеке өміріңізді бүге-шігесіне дейін сөз етпеңіз. Ұстанған емдәміңіз, таңмен таласып ерте тұруды қалай үйренгеніңіз жайлы айтып, мақтанудың қажеті жоқ. Нәпсіңізді ауыздықтап, иманыңызды арттырып, рухани тыныштық тапқаныңыз жөнінде де сөз етпеңіз. Егер мұндай «жеке» дүниелермен бөліссеңіз, руханитыңыз, рухани кемелдігіңіз мән-мағынасын жояды. Нағыз рухани тепе-теңдік мақтанға емес, үйлесімділікке мұқтаж.

Батылдық

Өжттік, ерлік танытқан сәттеріңіз жөнінде де тіс жармағаныңыз абзал. Барлығымыз да өмірде түрлі жағдай, түрлі сынққа тап болып жатамыз. Жетістіктеріміздің барлығы өз кезегінде жемісін, марапатын алады. Алайда оның қашан, қайда боларын шешетін сіз емес. Сондықтан өзгелер алдында жасаған ерлігіңізбен мақтану жөнсіз.

Дүниенің беймәлім тұстары

Өмір мен өлім жайлы өз пайымыңызбен бөліспегеніңіз ләзім. Ол – ақиқат емес, тек сіздің жеке пікіріңіз ғана. Сондықтан дүниенің көрінетін, көрінбейтін тұстары жөнінде сөз етіп, білгішсіну – артықтық. Мұндай әрекетіңіз арқылы өзгелерге менмен, тәкаппар көрінесіз.

Отбасындағы дау-дамай

Отбасында болып жатқан қиындықтар жайлы мүлдем сөз етпеуге тырысыңыз. Ол отбасыңызды мығым етеді. Қиындықтың барлығын жанұяңызда ғана талқылануы тиіс және табалдырықтан әрі шықпағаны жөн. Айналаңыздағыларға шағымданып, налыған сайын, қиындықты еңсеру де қиындай түспек.

Өзгелердің жағымсыз мінез-құлқы, әрекеті

Өзгелердің қателігін мінеп-сынаудан бойыңызды да, ойыңызды да аулақ ұстаңыз. Өсек-аяң арқылы, ең алдымен өзгенің емес, өзіңіздің беделіңізге нұқсан, атыңызға кір келтіресіз. Күні бойы көрген жамандықтарын айналасындағыларға жайып салатын адам таза үйде лас бәтеңкемен жүрген адамнан ақылдырақ емес.

Талқылау