Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыныптастарым көрмесе екен: Нұртас Адамбай вафли сатып күн көрген шағын еске алды

Танымал кинорежиссер Нұртас Адамбай қиын-қыстау кезеңде өткен балалық шағы туралы әңгімелеп берді. Ол бала күнінде әкесі мен інісімен бірге вафли сатып, күн көргенін айтты. Бұл ісі үшін қатарластарынан ұялғанын да жасырмады.

18812062_247267212421511_3753424752367108096_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жастық шағы туралы әңгімесімен Адамбай Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

“90-жылдардың ортасында күн сайын жарықты сөндіріп тастайтын, газ болған жоқ, ал халық асты үй аулаларына қойылған қолдан жасалған пештерде әзірлейтін. Ал сабақты керосин шаммен оқитын едік.

Мына әлемге шытынаған әйнектен қарап тұрған сәтім әлі есімде. Ол әйнекті ауыстыру үшін ақша қажет болды, ал ол кезде ақша мүлдем болмады. Жұмыс та болмады, адамдар күн көру үшін барынша тыраштанды.

Сол шақта әкем сенгіштігінің кесірінен өз ісін дөңгелете алмады. Оның ақкөңілдігін пайдаланып, арам айлалаларын іске асырған адамдар көп болды. Алайда әкем оларға кек сақтамады.

Әкем, інім үшеуміз қала аралап, көше саудагерлеріне шоколад қосылған түрік вафлиін сатқан күндерімізді ешқашан ұмытпаймын. Ол кәсібіміз дөңгелеп кетпеді, себебі әкем тым мейірімді еді. Оның тауарының көп бөлігін (80 пайызын) інім екеуміз жеп тауыстық, тіпті, достарымызға тегін тараттық.

Сол шақта көшеден сыныптастарымды кездестіріп қалудан қатты қорқатын едім. Бұрынғы ГКБ офицері болған әкемнің желтоқсан оқиғасында өзінің азаматтық ұстанымын танытқаны үшін қызметтен қуылып, осындай іспен айналысуға мәжбүр болғанына өкінетінмін. Бірақ әкемнің ешқашан еңсе түсірмейтініне қарап жеңілдеп қалатынмын.

Ал қазір кез келген адал еңбектің ұят еместігін түсінемін. Тіпті, өмірдің осы сабағын алғаныма қуаныштымын.

Дәрігер анамның жалақысын түгелдей менің оқулықтарыма жұмсаған күндерді де ұмытпаймын.

Жоғары оқу орнына оқуға түскендердің тізімінен менің есімімді көрген сәттегі ата-анамның қуанышы да мәңгі есімде қалады (ол кезде оқуға түсуге 2000 доллар сұрайтын). Емтихан алдында әкемнің маған айтқан сөздерін де ұмытпаймын. Ол ақылы түрде оқыта алмайтынын, сол себепті емтиханды жақсы тапсыру керектігімді айтқан еді.

Отбасыма көмектескенім үшін алғаш рет өзімді мақтан тұттым.

Бірінші курстан кейін Алматыға ауысуыма көмектескен ата-анам мен ағама алғысым шексіз. Себебі дәл осы қалада мен жан-жақты тұлға болып қалыптастым.

Жатақханада тұрдым, ақша ештеңеге жетпейтін. Үздік оқығаным үшін алатын шәкіртақым – 2000 теңге.

Бірақ мен ешқашан мойыған емеспін. Себебі мен өз ата-анамның ұлымын. Олар қанша қиыншылық көрсе де, ешқашан еңселерін түсірген емес.

Одан кейін университетте КВН ойнадым, достарым пайда болды. Тараздағы КВН командаларына сценарий жазып беріп, қосымша ақша таптым.

Ол кезде болашақ туралы көп ойлаушы едім. Әрі қарай не болады? Қайда жұмыс істеймін? Қалай күн көремін? Отбасыма қалай көмектесемін? Жалпы бұл қалада, мемлекетте, әлемде кімге керекпін? Бұл сұрақтардың санамда тұрған жауабы өзіме аса ұнамаушы еді.

Десе де жақсылыққа сенуге тырыстым. Себебі бұл сенімнен басқа менде ештеңе жоқ еді.

Бала кезімде анам «сен ақылдысың» деп айтса қатты ашуланатынмын. Қайда сол ақыл? Менің ақылды таныстарым әлдеқашан пайдалы іспен айналысып жүр. Біреу оқу грантын ұтып, Америкаға кетті, екіншісі саудамен айналысып, табыс тапты. Ал мен? Табысқа жетпегенім үшін өзімді өзім жегідей жей бердім.

Бір күні анамның сіңлісінің айтқан сөзі жаныма батып кетті. Ол: «Ата-анаң саған көп үміт артып отыр», – деген еді. Сол шақта: «Неге мен? Неге менің мойныма осындай жауапкершілікті жүктейсіздер? Мен бар болғаны ертеңгі күні не болатынын білмейтін студентпін», – деп айқайлағым келді.

Бұдан кейін өмірімде көптеген өзгерістер орын алды. Олардың көбісі жақсы өзгерістер.

Ал бүгінде мен өзімді бақытты адам санатына жатқызамын. Менің отбасым, ұлым, ата-анам, достарым, сүйікті ісім, көрерменім мен болашаққа жоспарым бар”, – деп жазды Нұртас Адамбай.

Желідегілер режиссердің жазбасын оқыған кезде көздеріне жас алғандарын айтып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

 Нұртас Адамбай: Нұрсұлтан Назарбаев жаныма өзі келіп, фильмдерімді ұнатқанын айтты

Жазира Байырбекова: Бибігүл апайдың Қайратты жерге теңегені көңіліме қатты тиді

Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны желіні “жарды” (видео)

Қайрат Нұртастың “хит” әндерінің авторы алғаш рет әке атанды

Талқылау