Сынаптан уланған баланың әкесі сүт қоспасын өндірушілерден кешірім сұрады

Шымкентте асқазанында сынап тәрізді шарлар табылған баланың әкесі балалар тағамын өндірушілерден кешірім сұрады. Екі айлық Шәкәрім уланып, ауруханаға жатқызылғаннан кейін, баланың ата-анасы Humana қоспасынан сынап тауып алғандарын хабарлаған болатын. Алайда, ол шын мәнінде сынап болды ма, тіпті баланың уланғанына екі апта өтсе де әлі белгісіз.

Сынаптан уланған баланың әкесі сүт қоспасын өндірушілерден кешірім сұрады

Бұл туралы 31-арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Біз ұлттық сараптама орталығына жүгіндік және қорытындысын алу үшін биологиялық материалдарды ұсындық. Бірақ, өкінішке орай, олар мұндай материалдармен жұмыс істемейді екен. Сондықтан, бізге осындай зерттеулер мен қорытынды бере алмады. Және де оны ана, зат немесе мына зат деп қорытындылауға құқығымыз жоқ»,- дейді №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Гаухар Үкбаева.

Екі айлық Шәкәрім пневмониядан кейін жасанды тамақтандыруға ауыстырылды. Ауруханада сәбиді Humana қоспасымен тамақтандырылған. Ата-анасының айтуынша, ауруханадан шығарылғаннан кейін олар дәріханалар желісінен дәл осындай тағамның екі орамасын сатып алған. Алайда, 30 қарашада 2 айлық нәресте улану белгілерімен ауруханаға түсті.

Ал баланың асқазанынын рентгенге түсірген кезде оның ағзасынан бөтен зат табылған. Бұл үш термометрдің құрамындағы сынапқа тең болатын сынапқа ұқсас зат болып шығады. Сонда сәбидің әкесі ұлын тамақтандырған сүт қоспасының қаптамасынан да осыған ұқсас шарларды тауып алғанын айтты.

Содан кейін санитар дәрігерлер ол қаптаманы, сондай-ақ баланың әкесіне осы қоспаны сатқан дәріханадағы барлық ораманы сатылымнан алып, сарамтама жасатты. Алайда, Humana балалар қоспасынан ешқандай зиянды қоспа табылмады. Ал, бүгінде Humana қоспасынан сынапқа ұқсас зат тауып алдым деген сәбидің әкесі асығыс шығырған қорытындысы үшін компания өкілдерінен кешірім сұрады. Дегенмен, ол шынымен де сынап болды ма, және баланы онымен кім тамақтандырды деген сұрақ әлі ашық болып қала береді.

«Қазір балалар тағамында ешқандай зиянды зат анықталмағаны жайлы қорытынды жасағалғанан кейін, Humana компаниясының өкілдерінен асығыз қабылдаған шешіміміз үшін кешірім сұрағым келеді», -дейді баланың әкесі.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте асқазанынан сынап табылған сәбидің ауруханадан шығарылғанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар