Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сымбаттым менің: Іші пысқан тотықұс мысықты ояту үшін бар мақтауын асырды (видео)

Желіде іші пысқан тотықұстың ұйықтап жатқан мысықты ояту үшін бар білетін нәзік сөздерін айтып жатқаны көрсетілген видео пайда болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сымбаттым менің: Іші пысқан тотықұс мысықты ояту үшін бар мақтауын асырды (видео)

Әңгімешіл, тынымсыз тотықұс ойнағысы келіп ұйықтап жатқан мысықты ояту үшін оның құлағына бар білген нәзік сөздері мен мақтауларын айтып, ақыры дегеніне жетті.

«Мысығым менің кел ойнайық! Сымбаттым, ақылдым, сені жақсы көремін! Балапаным менің кел ән шырқайық! Кел сүйісейік, балапаның сені сағынды. Жақсы мысық өзі. Сымбаттым келе ғой» – деді мазасыз тотықұс мысықтың құлағына гүбірлеп.

Мысықты ояту үшін осындай мақтаулар айтқан тотықұс жануардың мазасын әбден алып, ақыры оны оятып алды.

Талқылау